Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері

Автор:   •  Сентябрь 12, 2020  •  Реферат  •  3,895 Слов (16 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 16

                             Қазақ Инновациялық Гуманитарлық заң университеті

                                       Факультет: Педагогика және Психология                                                                                      

                                                [pic 1]   

                                               Тәжірибелік сабақ

            Тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.

                                                                        Орындаған: Конырова Алтынай НО-901

                                                                         Тексерген : Ашимова Г.М

                                                         

                                                             семей 2020                                                                                    

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.

2.Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және

философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілі

3.Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі

     Кіріспе    

Бүгінгі таңдағы еліміздің ғылым мен білімге басымдылық беру саясатына орай, оны тереңірек игеру және зияткерлік деңгейді көтеру ұстыны білім беру үдерісінен бастау алады. Жоғары және арнаулы оқу орындарында кәсіби философия мамандығы емес топтар үшін міндеттелген оқу пәндерінің бірі – философия ғылымы күрделі және іргелі сала. Кей тұстарда философияны оқып үйрену студенттерге біршама қиындық тудырады. Оның бірнеше өзіндік объективті, субъективті себептері де бар. Бұл көп жағдайда қазақ топтары үшін ана тіліміздегі оқулықтардың жетіспеуінен, осының салдарынан тәлім алушы көптеген терминдер мен түсініктерді ұғынуға мүмкіндігі төмендейді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым мен технология тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру мәселесі жолға қойылып отыр. Дегенмен, осы тұста да әлі кемшін жақтар бар. Қазақ тілінде жазылған, аударылған философиялық туындылар мен оқулықтар қатары көбейіп келеді, бірақ баламалы оқулықтар түрін көбейту, оны жаңа оқыту технологиясы бойынша жазу, батыстық және шығыстық философияны ұлттық таным тұрғысынан түсіндіру, еуропаорталықтық көзқарастардан арылу, бұрынғы кеңестік идеология ықпалындағы маркстік философияны бірден-бір танымның ақиқат көзі деп санайтын монистік ұстанымды плюралистік таным аймағына шығару сияқты түйткілдер әлі де қазақ тіліндегі философия пәнінен оқулықтар қатарын көбейту мәселесіне келіп тіреледі. Бұл оқу құралы осындай заманауи талаптар мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Кейбір ғылымдарды оқытудың арнайы әдістемесі жетілген, ал кейбірінде бұл сала дамымай қалған. Оқыту әдістемесі жетілмей қалған ілімдердің бірі осы философия пәні. Сондықтан осыған келешекте баса назар аудару қажеттілігі туындайды. Біз де осы түйткілді назардан тыс қалдырмадық және философия ғылымының іргелі мәселелерін студенттерге қалай егжей-тегжейлі түсіндіре аламыз деген сауалдың өзектілігі ескерілді. 4 Бұл оқу құралында дәстүрлі бағдарлама бойынша философия тарихы мен теориясының келелі түйткілдері ұсынылды. Жаңа оқыту технологиясының қағидалары барынша ескерілді. Философия пәнінің мазмұнын толықтыру мен баяндау сәтінде қазіргі қазақстандық беделді ғалымдардың төлтума еңбектері мен оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулары басшылыққа алынды, олардың ұтымды пікірлері пайдаланылды, бірақ бұл оқу құралы болғандықтан сілтемелер алуды қажет деп таппадық. Бұнда студенттердің философиялық ойлау дағдысын қалыптастыру, шығармашылық үдерісін жандандыру мен жетілдіру сияқты үрдістер барынша толығырақ қамтылды. Осы орайда, тест сұрақтарын дәстүрлі кейіпте ұсынумен қатар, «шығармашылық тестілері» де құрастырылып берілді. Себебі, философия ғылымы және оны оқыту өзіндік күрделі мәселелер ауқымын қамтиды. Философияның көптүрлі көзқарастар аясында өрбитіндігі, идеялардың түбегейлі жоққа шығарылмайтындығы, абсолюттіліктің таза абсолюттілікке тек қана бағдарланып келе жатқандығы, канондалған «дұрыс» пен «теріс» өлшемдерінен барынша тыс бола алатындығы т.б. оқу бағдарламасындағы әрбір тақырыпты түсіндіруді тереңірек зерделеуді қажет етеді. Осыған орай, кей тұстарда автордың өзіндік көзқарастары да ішінара енгізілді, бірақ ол сендіру мақсатында емес, талқылау мен студенттің өз ойын дамыту мақсатында қолданылды. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі және болашақтағы руханияттық деңгейге ұмтылыс пен таным парадигмаларының руханилық дәрежесінің артуы, адамның өзін жан-жақты интеллектуальдік тұрғыдан жетілдірудің заманында философия мәдени кеңістікте айрықша орын алатын ғылым саласына айналды. Ендеше, философия ғылымның бастапқы негіздерін оқып үйрену заман талабынан, жастардың білім аймағының кеңдігін толықтырудың сұранысынан, руханилық аясында өзін еркін сезіну және үнемі жетілу бағдарларын қамтамасыз етуден, барлық білімдердің түпкілікті негіздерін, жалпы әдіснамасын бағдарлай алу қажеттілігінен туындайды.

...

Скачать:   txt (41.6 Kb)   pdf (159.8 Kb)   docx (189.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club