Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таным философия мәселесі ретінде. Әртүрлі философиялық тұжырымдамаларда білімнің мәнін анықтау

Автор:   •  Февраль 18, 2021  •  Лекция  •  2,157 Слов (9 Страниц)  •  4 Просмотры

Страница 1 из 9

Таным философия мәселесі ретінде. Әртүрлі философиялық тұжырымдамаларда білімнің мәнін анықтау.

Таным проблемасы - философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнге иеленетін, философия тарихында алуан түрлі ағымдардың арасындағы тартыстың арқауына айналған проблема.

Білім деген не, әлемді тану немесе білу деген не, адам өзін немесе қоршаған ортаны қаншалықты дәл және анық біле алады деген сұрақтар өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді.

Тілдер арасындағы айырмашылықтың қандай болғанына қарамастан, біз үнемі тілде бейнеленген оймен (біліммен) бетпе-бет ұшырасамыз. Көптеген философтар білімді оның тілдік көрінісімен біріктіреді, өйткені «тіл ойдың тікелей нақтылығы» болып табылады. Бірақ бұдан тіл мен ойдың, яғни білімнің арасында тепе-теңдік бар деген ой тумауға тиіс, себебі тікелей нақтылықтан өзге сырт көзден жасырын жанама нақтылықтың да бар екендігін естен шығармаған жөн. Дәл осыны кез келген философияның маңызды бөлімі – таным теориясы мәнін ашуы тиіс.

Білім ол қайдан пайда болмасын, тілде көрініс табады. Оны зерттеу үшін білім қалыптастыратын және жеткізетін ұғымдардың негізгі типтері мен сөйлемдердің формалды, яғни логикалық құрылымын қарастыру қажет. Білімнің бүкіл алуан түрлілілігіне қарамастан, олардың формалды-логикалық құрылымын білдіретін бірқатар соңғы мөлшерін бөліп алуға болады.

Аристотель формалды логиканың негізгі қарапайым заңдарын қалыптастырады. Ол алғаш рет ғылыми білімді өзара бір-бірімен логикалық қатынастарымен байланысты және логикалық ережелері арқылы бірінен-бірі туындайтын сөйлемдердің (пікірлердің) тізбесі ретінде қарастыра бастады. Аристотель көзқарастары философияның кейінгі дамуына орасан ықпалын тигізді.

Ортағасырларда философия мифология мен дінге қарсы тұратын білімнің жеке саласынан христиан теологтары тегеурінімен дінтанудың қызметшісіне айналады.

Христиан діні барлық танымның негізгі қайнар көзі ретінде Құдайдың аяны мен қасиетті інжілді санады. Антик философтары көбіне ғарыштың өзіне, табиғаттың өзіне құдіреттілік берсе, ал христиан діні табиғатты жанама өзгерейтін нәрсе деп пайымдап, ал жаратылыстың шыңы ретінде адамды ғана мойындады.

Христиан дінінің сенімді білімнен жоғары қойғанына қарамастан, хритиандық философ – схоластар дәлелдеу мен білімнің құрылысы туралы логикалық ілімді дамытуға көп еңбек сіңіреді.

Білімнің жоғары көзі – аянмен қатар ортағасырлық теологтар ақыл-ойды әлемнің ең терең құпиялары туралы білім беретін періштеге тән қасиет, зердені біздің жүйелі түрде пікірлеу қабілетіміздің көзі ретінде, ал сезімдік білімді көптеген адасушылық пен қателіктердің қайнар көзі ретінде жеке бөліп қарастырды. Бұл ортағасырлық схоластикадан жаңа заман философиясына өтуге үлкен ықпалын тигізді.

ХУІІ-ХУІІІ ғасырлардың философтары индивидуалдық танымның дамуы немесе білімнің онтогенезі (грекше ontos – болмыс) екі кезеңнен өтеді деп санады: сезімдік –эмпирикалық және рационалдық. Көптеген философтар бұл көзқарасты философиялық материализм позициясымен біріктіреді. Бұл біріктіру негізделген деп есептейік. Мұнан не келіп шығады?

Т.Гоббс былай жауап береді: « ...егер нәрсе бастапқыда бүтіндей немесе жартылай сезім органдарында туындамаса, адамның санасында бірде-бір ұғым болмас еді».

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамдар заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Олай болса, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Философиядағы идеалистік

...

Доступно только на Essays.club