Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сана, рух және тіл философиясы

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  4,498 Слов (18 Страниц)  •  11 Просмотры

Страница 1 из 18

Сана, рух және тіл философиясы

«Наше сознание - основа нашего существования.

Нет ничего более доступного нам напрямую,

и все же оно до сих пор остается

величайшей загадкой во Вселенной».

Дэвид Джон Чалмерс,

австралийский философ.

19 ғасырда неміс философы Артур Шопенгауэр сананы «ғаламның сиқыры» деп атады, яғни сана құпиясы бүкіл адамзат білім-ғылымындағы құпиясы әлі ашылмаған ең қараңғы жер болып қала беретіндігін меңзеді.

Ақыл – ой тарихында сана мен танымның өзарақатынасы әртүрлі формаларда көрініп отырған. Белгілі бір замандарда сана таным процесін белсендіруші құрал ретінде түсінілді. Уақыт өте келе ол танымның басты реттеушісі, кейде алынған білімнің қайнар көзі қызметін атқара отырып, таным процесіндегі басты орынға шықты. Философиялық және ғылыми ой тарихында санаға берілген анықтама өте көп. Оның синонимдері: жан, рух, ақыл-ой, ми, ойлау т.б.

Сана өзінің жан-жақтылығына байланысты күрделі процесс болғандықтан оны әр түрлі ғылымдардар зерттеп келеді. Олар сананың қасиеттері мен оның нақты міндеттеріне әртүрлі анықтама береді.

Нақты ғылымдарда сананың тек жекелеген функциялары мен қасиеттері зерттеледі. Сол себепті онда сана және сананың тұтас көрінісі туралы толық білім берілмейді. Ондағы сана туралы білімдер біржақты.

Жаратылыстану ғылымдары сананың эксперименттік тұрғыда зерттеуге болатын бөлігін ғана зерттейді. Мысалы, физиологтар келіп түскен ақпараттарды өңдеумен байланысты сана қызметінің механизмдеріне назар аударса, ал медицинада «сана» термині адамның жоғары жүйкесіндегі қалыпты жағдайды көрсету үшін қолданылады.

Ал қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарда, сана басқа қырынан зерттелген. Сана – бұл ең алдымен нақты мәдени және тарихи жағдайлардағы адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіне қосылған адам санасы, бұл дамушы, өзгеруші сана.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар адамның субъективті тәжірибесінің көріністерін, яғни оның ішінде логикалық ойлау, интуиция, эмоциялар, тәжірибелерді, құндылықтарды зерттеуге ұмтылады. Әлеуметтануда, мысалы сана адамдардың әлем туралы түсініктерін, олардың материалдық өмір сүру шарттарын, сондай-ақ олардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын рухани өмір құбылысы ретінде түсініледі.

Философия сананың не екенін, адамның әлемді тану процесіндегі сананың қызметін рационалдық жолмен түсіндіруге ұмтылады.

Философия сананы табиғат пен рухтың, зат пен идея, объективтілік пен субъективтілік арақатынасы негізінде зерттейді.

Философиядағы сана мәселесі әртүрлі тарихи кезеңдерде туындаған және қазіргі кезде де өзектілігін сақтап калған сұрақтар жиынтығынан тұрады.

Олар: сана тек адамға ғана тән қасиет пе, әлде барлық тіршілік иелеріне, табиғатқа және бүкіл Ғаламға да тән бе? Сана табиғаты қандай? Сана физикалық шынайылықпен, әсіресе денемен қалай байланыста болады?

Философия тарихындағы сана туралы идеялардың эволюциясы

* Алғашқы қауымдық қоғамдағы түсініктер бойынша қоршаған ортадағы нәрселердің барлығының жаны бар; мысалы анимизм, фетишизм, тотемизм

* Ежелгі Шығыс философиясында сана ғарыштық ақыл, бүкіләлемдік ғарыш заңы ретінде түсінілді;

* Ежелгі Грек философиясында сана -сыртқы әлем туралы білім ретінде түсінілді (Аристотель);

* Ортағасырлық философияда сана - әлемнің рухани бастауы ретінде (Құдай) және адамның өзінің ішкі рухани тәжірибесі туралы білім ретінде;

* Жаңа Заман философиясында сана өзінің мағынасына тең құбылыс. Нет сознания без самосознания, сознание = его предметному содержанию;

* Ағарту дәуірінде сана - бұл

...

Доступно только на Essays.club