Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөз

Автор:   •  Февраль 6, 2023  •  Эссе  •  465 Слов (2 Страниц)  •  214 Просмотры

Страница 1 из 2

Адамға кейде бір іске кірісіп кету үшін ұтымды айтылған сөз ғана жеткілікті. Ол қанаттандырып, талаптандырып күш береді. Өзіңізге ең ерекше әсер еткен сөз туралы, оның сізге қандай жетістіктерге жетуіңізге мүмкіндік бергені жөнінде әңгіме жазыңыз.450-550 сөз.

Көзді ашып-жұмғанша жаз да өте шықты. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіннің осы жылы түлек атануына тоғыз-ақ ай қалды дегенге ата-анам түгілі, өзім де сенгісіз кейіпте жүрмін. Мектепке келе барлығымыздың жанымызды қуаныш толтырғанымен, бұндай іс-шараны енді қайта бастан кешірмейтініміз шайдай ашық аспанға келген қара бұлттай көңілімізді түсіреді.

Он екінші сынып атанғанымызды сезінбей оқу жылы да басталып, бірінші тоқсанды бітіріп жатқан кезең болатын. Сыныбымызбен жиналып, көңілді болып үйге қайтқаныммен, өң бойымды бейне бір күйзеліс жалмап бара жатқанын сезінетінмін, бірақ іштей тына жүре бердім. Ол тыныштықтың қашанға жететінін кім білсін?

IELTS емтиханын бітіріп, артынша жоғарғы оқу орнына құжаттар тапсырып, бір айдан соң басқа қалаға тағы емтихан тапсыратынымды толық түсіну - мен үшін үлкен қиындық алып келді. Ең бірінші ойыма келгені «бәріне үлгеремін деп өзімді жоғалтып алмаймын ба?» деген сұрақ болатын. Жаздан кейін прокрастинация бәрінде болады, тек өзіңді қолға алсаң болды дейтінмін, дегенмен, ғаламтор желісінің торына байлансаң, одан шығуың бірнеше есе қиындайтынын ұғыну оңай болмады. Емтиханға дайындық кезеңін сол әлеуметтік желілер қармағына түсіп, тиімді өткізе алмай қалдым. Сәйкесінше, емтихан нәтижесінің қанағаттандырарлық болмағанын да көріп, күйзеліс үстіне күйзеліс қосылды. Ата-анаммен кешкі ас кезіндегі әңгімелерден қашып, барлық әлемнен бір тасаға тығылдым. Бірақ әлі де бір мақсаттың артынан қуалап, жете алмай жүрмін. Бір айдан астам уақыт өте, әжем менің эмоционалды жағдайымның күн сайын нашарлап жатқанын байқап, маған барынша қолдау беруге тырысты. Кештердің бірінде:

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (32.5 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club