Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этнопсихология

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Реферат  •  452 Слов (2 Страниц)  •  642 Просмотры

Страница 1 из 2

Еліміз егемендігін жариялап, тәуелсіздігін алғаннан кейін жұртшылық арасында «ұлттық тәрбие» «ұлт психологиясы» дейтін сөз тіркестері жиі айтылатын болды. Осындай мәселенің төңірегінде түрлі жиындар мен мәслихаттар өткізіліп, газет-жунал беттерінде күні бүгінге дейін көптеген мақалалар жазылып, нақытылы ұсыныстар айтылуда. Бұл жәйт тек бүгіндері ғана айтылып отырған жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің коллегиясы 1991 жылы 19 желтоқсанда қабылданған қаулысында, республиканың барлық жалпы білім беретін орта мектептерінде қазақтың ұлттық психологиясын негізге алған «Әдеп және жантану» пәнін оқушылардың міндетті түрде оқып үйрену қажеттлігі көрсетілген болатын. Бірақ соған қарамастан Қазақстан аумағында жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында ұлттық этнопсихологияға кіріспе ретінде психология пәнін оқыту ұзақ жылдардан бері күрделі қиыншылықтарға ұшырап келеді.

        Этнопсихология – әр ұлт пен этностың тек өзіне ғана тән тыныс-тіршлігінен туындайтын (тіл, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дін, миф, т.б.) психологиялық ерекшеліктерді зерттейтін ғылым. Ұлттық психология – оның басты проблемаларының бірі. Мұның құрамына ұлттық мінез, ұлттық тұрпат, ұлттық рух, ұлттық тіл, ұлттық намыс, т.б. осы іспеттес ұлттық құндылықтар кіреді.

        Қ.Жарықбаев: «Халық психологиясы – адамдардың фольклорда, дінде, тілде, мәдениетте, дәстүрлерде көрініс тапқан психикалық іс-әрекеті, өмір салты, тұрмыс туралы білімдер», - деп көрсетеді. Этнопсихология адамдардың іс-әрекеті мен мәдинетінің мінезге әсер ететіндігін дәлелдеді. Осы піпірлер этнопедагогика мен этнопсихологияның ұқсастығын, екеуі де ұлттық сана-сезім, мінезді қалыптастыру мәселелерін шешумен айналысатындығын көрсетеді.

        Ғалымның психология ғылымына қызығушылығы  студент кезінен басталып, жалғасы Қызылорда пединститутында (1951-1958) оқытушы қызметін атқарып жүрегн кезде өрістей берді. Сол кезеде ол адамның жан дүниесінің құпия сырларын зерттеу аса қызығушылықпен қараған.

        Жарықбаевтың ғылым жолында алға қойған негізгі мақсаты – қазақтың болмысын, жанын зерттеп, зерделеу.

        Мен өз лекияларымда үлкенді-кішілі қазақ ғалымдары,тәлімгер қауым көп ұлтты республика халықтарының әдет-ғұрып,салт-дәстүр, жөн-жосық, жол жоралғы, тіл мен дін т.б. осы секілді этностық ерекшеліктерінің психологиялық астарына бойлап,олардың қайталанбас жақтарының күнгейі мен көлеңкесін даму,қалыптасу жолдарын іздестіріп, зерттеулері қажет екендігін еске саламын. Мәселен, қазақ халқының кезінде барша жұртты тамсандырған тамаша қасиеттері: үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдық,балажандық, ақ көңілділік, қайрымдылық, суырып-салмалық,ақын-жандылық т.б. тереңдете зерттеу мен қатар социализм тұсында теріс бағытта белен, алған келеңсіз қасиеттерді: үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздық, қызғаншақтық, күншілдік, рушылдық,бақталастық, дүние қоңыздық, еңжарлық, маскүнемдік, неке бұзут.б. қалайша пайда болып ауа жайылып кететіндігін, бұлардан біртіндеп арылудың жолдарын іздестіру де маңызды. Соңғы жылдары ерекше белең алған «тастанды бала» проблемасымен «кәрі қыздар» (соңғысы 130 мыңдай көрінеді) мәселесі сияқты ұлт психологиясында ертеректе кездеспейтін қолайсыз жайттарды мән-мәнісін ашып керсететін зерттеулерде аса қажет.Жоғарыда аталған ұлттық сананың, жақсы жарасымды көріністерінің бесіктен қлыптасатыны белгілі. Сондықтанда біздің зерттеу жұмыстарымыз сәбилер мен бөбектерге,балдырғандар мен мектепке дейінгілерге бағыттауымыз қажет.Өйткені имандылық, инабаттылық, мейрімділік, төзімділік секілді халқымыздың тамаша қасиеттерінің түп төркіні, ілкі бастаулары нәрестенін жерге шырылдап түскен ілкі бастаулары нәрестені шырылдап түскен кезінен басталады емес пе?

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (48.9 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club