Тұлға
Автор: Aida0204 • Май 28, 2020 • Эссе • 756 Слов (4 Страниц) • 2,632 Просмотры
Психологиялық ғылымда “тұлға” деген сөз үлкен ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға ғана тән емес, ол барлық қоғамдық гуманитарлық ғылымдармен байланысты, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педогогикамен және т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтарға жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі, «тұлға деген не?» деген сұраққа барлық психологтар әртүрлі жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға ойының күрделі екендігін білдіреді. Осыған байланысты И.С.Кон былай деп жазады: “Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді.Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді ”.
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан «тұлға»ұғымын қарастырған уақытта оларды ескеру жөн.«Тұлға деп» әлеуметтік даму барысында бойына жақсы заттарды және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек,адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызбаймыз, керісінше адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер, яғни, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін санай аламыз.«Тұлға» ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршаған орта үшін маңызды екенің білдіреді, тағы да сол секілді адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие. «Тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және Санкт-Петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері «субьект» деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін «индивид» ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, «тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн деп ойлаймын.Мысалы:
Біріншіден, алатын болсақ жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығын қарастыруымызға болады. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анықтап байқауға болады.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі немесе физикалық тұрғыдан алатын болсақ әрекеттесу деп айтсақ болады. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір
...