Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Реферат  •  1,181 Слов (5 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 5

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

        1989 жылдың 1 – қыркүйегінде Ақтөбе педагогикалық институтының  «Тарих және педагогика» факультеті жанынан  «Бастауыш  оқыту және мектепке дейінгі тәрбие» кафедрасы құрылды. Кафедраны педагогика  ғылымдарының кандидаты  Қаңтарбай  Сембай Ерғалиұлы  басқарды.

        1990  жылы  «Мектепке дейінгі  тәрбие»  кафедрасы  бөлініп,  кафедра  меңгерушілігі   қызметіне  п.,ғ.,к., доцент  Усова  Нелли  Ильиничва  тағайындалды. Кафедра  құрамында  Б.Г.Урмурзина,  С.Е.Досжанова,  Ұ.С.Нұрғалиева,  К.Ж.Төребаева, Г.Қ.Айжанова, З.Г.Төлекова  сияқты жетекші  мамандар  қызмет  атқарды.

        «Мектепке  дейінгі оқыту  және  тәрбиелеу» мамандығынан  шыққан  оқытушылар мен  түлектер  еліміздің  әр  қаласында,  тіпті  әр  елдерде білім  мен ғылымның  дамуына  зор  үлестерін  қосып  жүр.  Олар  ғылыми  атағы және  дәрежелері бар белігілі  мамандар Г.Р.Бахтиярова,  М.Ю.Саутенкова,  Н.М.Зыкова,  М.Д.Есекешова,   Ж.Ж.Қартбаева,  А.Тәңірбергенова,  Г.М.Нигмеджанова т.б[11, 13б.].

        5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы.  

        5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы   бакалаврын  бітірген  студенттер  мектепке дейінгі  мекемелер,  балалар  үйі  және  әкімшілік  білім  органдары  білім  берудің  ұлттық  үлгісіне,  нәтижеге  бағытталған,  жаңа  формация  маманын,  еуразиялық  полимәдениетті,  коммуникативті,  технократты,  педагогикалық  іс – әрекет  аясындағы  міндеттерді  қазіргі  ғылыми  және  практикалық  жоғары  кәсіби  деңгейде  шеше  алатын   білікті  де  қабілетті  және  жан – жақты  шығармашылық  маман  ретінде  даярланып  шығады.

        Кафедра ұжымы  «Мектепалды  даярлық және  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың әлеуметтік  бейімделуі»  бағытындағы  ғылыми – зерттеу проблемаларымен айналысады.

        Профессор – оқытушылар  құрамы  жоғары  оқу  орнының  оқыту  процесін  ұйымдастыру  және  ғылыми – зерттеушілік қызметін  дамытуда  бүгінгі таңда  елеулі  жетістіктерге  қол  жеткізген.  Соның  ішінде,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  К.Ж.Төребаева  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісіндегі  елеулі  табыстары  үшін  «Ы.Алтынсарин»,  «Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»  төсбелгілерімен  марапатталған.  «Жоғары  оқу орнының  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грантының  иегері,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  А.К.Кенжеғұлова   «Білім  беру  ісінің   құрметті  қызметкері»  және  «Ы.Алтынсарин»  төсбелгілерінің,  сонымен  қатар,  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грантының  иегері.  

        Педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  С.Е.Досжанова  ҚР  Білім  және ғылым  министрлігінің  «Құрмет  грамотасы»  иегері,  «Білім  беру  саласына  сіңірген  еңбегі  үшін»  дипломымен  марапатталған.

        Кафедраның  профессор – оқытушылар  құрамы  жүйелі  түрде  оқыту  процесін  жетілдіру  және  оны  жаңа  инновациялық  технологиялармен  қамтамасыз  ету  мақсатында  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  курстарынан  өтеді.  Соңғы  үш  жылда  оқытушылар  М.Н.Есенгулова,   Г.И.Туретаева,  Н.Е.Майтанова,  А.Т.Каримова,  Е.В.Шестакова,   Р.Д.Дүйсенбаева,  А.Ж.Сисенбердиева,  А.Т.Рыстығұлова   аталған  курстың  бағдарламаларын  меңгерді.   Сонымен  қатар,  2015  жылы    педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Ж.Ж.Қартбаева,    аға  оқытушылар  Н.Е.Майтанова,    А.Ж.Сисенбердиева,   Е.В.Шестакова,  Ж.О.Оразова,  О.К.Сұлтанғалиева,  Б.И.Амантаева  Астана  қаласында өткен Педагогикалық  шеберлік  орталығында  (Кембридж) ЖОО  арналған  білім жетілдіру  курстарынан  өтті.

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (95.6 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club