Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жазылым әрекеті арқылы оқыту дағдысын қалыптастыру

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Реферат  •  10,590 Слов (43 Страниц)  •  598 Просмотры

Страница 1 из 43

КІРІСПЕ

        Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жазылым ертеден дамып келе жатқан өнердің бір түрі. Ол – адамзаттың дүниеге алып келген жетістіктерінің бірі. Қазіргі ғылым саласында жазылымның рөлі хабарды тез жеткізуде бірінші орында тұр. Сондықтан да тілді үйретуде ең бірінші  сауатты жазуға көңіл бөлу қажет.

        Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік тілдің қызмет ету аясының кеңеюі, тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулердің жүргізілуі, оқу орындарындағы оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту, оқытудың жаңа технологиялары мен бағдарламаларын әзірлеу Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»  белгіленген негізгі мақсаты болып табылады.

        Қазақ тілі техника мен өнеркәсіптің, мәдениеттің, ғылымның барлық саласын қамтитын,  лексикалық байлығы мен өзіндік сараланған, нақты стильдік нормалары жүйелендірілген, қалыптасқан жазу жүйесі бар тіл. Қазақ тілін үйрету отбасы мүшелерінің көмегімен жүзеге аса бастаса, екінші орында тұрған үйретуші - мектеп. Тілдік қатынас мәселесін зерттеуші көптеген ғалымдардың пікірінше, тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді: айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім.

Қазіргі кезде қазақ тілін басқа ұлт өкідеріне оқыту үшін жазылым әрекеттерінің түрлеріне талдау жасалып, өз деңгейінде үйретіліп жүр. Алайда, қазақ тілінде оқытатын мектептерде осы жазылым әрекетінің түрлері қаншалықты көп және қалай меңгеріледі деген сұрақтың жауабын анықтау қиынға соғады. Әрине, қазақ тіліндегі жазылым әрекетінің түрлерін зерттеген ғалымдар жоқ емес, бірақ сол жазылым әрекеттері мектептерде қаншалықты маңызды деңгейде және қандай инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы орындалады деген сұраққа жауап табу қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – Жаңартылған оқу мазмұны негізінде шығарылған кітаптар бойынша қазақ тілі сабағындағы жазылым тапсырмаларының түрлерін анықтап, оларды орындау барысында қандай инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылатынын қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін орындалуға тиісті міндеттер:

  • Жазылым әрекетінің қашан пайда болғанын, қай кезден бастап зерттеле бастағанын анықтау;
  • Қазақ сыныптарына арналған жазылым әрекетін алғаш зерттеп бастаған ғалымдардың еңбектерімен танысу;
  • Жаңартылған оқулықтарда берілген жазылым тапсырмаларының ерекшеліктерін анықтау;
  • Жазылым тапсырмаларын орындаудағы әдіс-тәсілдерді нақтылау;

Зерттеу  нысаны.  Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазылым тапсырмаларының қалай орындалатынын анықтау, оқушылардың сауатты жазуына ықпал ететін  жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін көбейту.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы – Жазылым әрекеттеріне байланысты жазылған зерттеу жұмыстарын салыстыру, ғалымдардың пікірін одан әрі дамыту.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазылымның маңыздылығы мен қажеттіліктерін анықтау барысында, жаңартылған оқу бағдарламасы негізіндегі жазылым тапсырмаларының қаншалықты жиі қолданатындығын анықтау;

Күтілетін нәтиже – Аталған тақырып бойынша қазақ сыныптарына арналған жазылым тапсырмаларының инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы орындалатыны анықталады.

1   ЖАЗЫЛЫМ – ОҚЫТУДАҒЫ СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС    

  БӨЛІГІ

  1. Оқыту үдерісі деген не?

Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

...

Скачать:   txt (138.2 Kb)   pdf (730.4 Kb)   docx (83.5 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club