Сэнквейн
Автор: Aleks Uvanov • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 2,187 Слов (9 Страниц) • 315 Просмотры
№1 Анықтама: Сэнквейн
Синквейн француз тілінен Cinquain, ағылшын тілінен Cinquain — Жапондық поэзия әсерінен ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болған бес жолдық өлең нысаны. Кейінірек (соңғы кездерде және 1972 жылдардан бастап, Ресейде) дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді. Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық ққабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған.
Жасалу жолы: 1. Зат есім (1)
2. Сын есім (2)
3. Етістік (3)
4. Сөйлем құрау (3,4
5. Балама сөз (синоним) (1)
https://kk.wikipedia.org/wiki/сэнквейн
№2 Анықтама: SWOT – талдау
SWOT-талдау (ағылшынның SWOT – strength – күш, қуат, weak – әлсіздік, opportunіty–мүмкіндік,threat қатер компанияның(фирманың) менеджері өзінің қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар (немесе ықтимал) ресурстарды талдау үшін пайдаланатын қысқарған сөз. Ағылшынның “қуат”, “әлсіздік”, “мүмкіндік”, “қатер” (сыртқы ортаға қатысты) деген мағынаны беретін сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Фирманың жай-күйі осы факторларды ескере отырып айқындалады. Сонан соң міндет қойылып, мүмкіндікті пайдаланып, қатерге жол бермеу, қуатты еселеп, әлсіздікті жою жоспарлары жасалады.
https://kk.wikipedia.org/wiki/свот
№3 Анықтама: Квест
Квест (ағылшынша .quest-іздеу,оқиғаны іздеу мағынасында).
Мәні:Белгісіз жұмбақтың шешімін табу.
Мақсаты: Оқушының мінезін анықтап,ойлау қабілетін арттырып,топпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, жан-жақтылыққа үйрету.
№4 Анықтама: Миға шабуыл
«Миға шабуыл» әдісі. Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді.
Бұл әдістің негізгі міндеттері:
- Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау;
- ғылыми немесе оқуға қатысты мәселелерді шешу;
- студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту;
- ынтымақтастықты дамыту.
Миға шабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері
- Миға шабуыл барысында идеяларды сынамаңыз, бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек: «Бұл керемет идея екен?», деп қана айта аласыз. ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз-өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз: «Айналадағылардың күлкісін келтіретін ақымақ идея ғой!» деген сипаттағы өзіңізді – өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады.
- Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады.
- Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.
- Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алыңыз. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт қалыптастыруы ғажап емес.
https://baribar.kz/student/260/migha-shabuyl-adisi-oezin-oezi-tanu/
№5 Анықтама: Эссе
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
...