Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жәрдем Тілеков

Автор:   •  Январь 18, 2021  •  Реферат  •  3,723 Слов (15 Страниц)  •  471 Просмотры

Страница 1 из 15

Киелі Ақ Жайық өңірі елім деп еміреніп, халқы үшін қызмет еткен біртуар азаматтарға қай кезде де кенде болған жоқ.

Жәрдем Тілеков  Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданындағы Аралтөбе ауылындағы туған. Жымпиты орта мектебінде білім алған. 1890 жылы ашылған бұл мектеп білім беруді қазақ және орыс тілдерінде жүргізген. Мектеп бітірушілерге жалпы аттестатпен қатар машина жүргізуші, тігін шебері, кондитер шебері мамандықтары қоса берілген. Мектеп түлектерінің арасында: Х.Есенжанов,Қ.Мырзалиев, С.Сейітов сияқты ақын –жазушылар мен Ә.Ізмұқанов, М.Кәрімов, Т.Айтбаев сияқты ғалымдар бар.  1930 жылы Орал педагогикалық институтына оқуға түсіп үш курсын бітірген. Оралдың облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің мерекелік номерлері ғана емес, жайшылықтағы сандарында да Жәрдем Тілеков  өлеңдері жиі басылатын. Оның түрлі тақырыптағы «науқани» (Жәрдемнің өз термині) туындылары  Қажым  Жұмалиев пен Қасым Аманжоловтың, Абдолла Жұмағалиев пен Хамит Ерғалиевтің шығармаларымен  жарыса жарияланып жүрген. 1936-1937 жылдары сол газеттің мәдениет бөлімін басқарған ол осы тұста өлеңді үдете жазды. Бұл жұмысқа 1932-1933 жылдары тағайындалып, сонан Қызыл Армия қатарына шақырылған  Жәрдем 1933-1935 жылдары Оралда Приволжье әскери округінің 11 дивизиясының құрамындағы атты әскер полкінің кіші командирі міндетін атқарады. Жұмысшы- шаруа Қызыл Армиясының саяси қызметкерлерін даярлайтын мектептің курсанты, Қиыр Шығыс майданы қолбасшысының адьютанты, пулемет- миномет училишесінің курсанты, Қиыр Шығыс майданының «Дабыл» атты қызыл әскер газетінің ұйымдастырушы тілшісі (1941жылғы желтоқсаннан 1945 жылғы қазанға дейін) – Тілековтың соғыс жылдарындағы жұмыстары осылайша алмасып, жалғаса түседі. Армия қатарынан бұрынғы қызметі қайта оралған бетінде ол творчестволық істерге қызу араласты да, ілгеріде атап өткеніміздей, өлең-жыр, терме-толғауларды бұрқырата жазып, жұртшылық көзіне түсіп үлгерді. Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан, Гурьев, Семей облыстарындағы өкілі болып, Қызмет атқарған кезде де Жәрдем бұрынғысынша қалам құрғатпай, шығармашылық істермен үздіксіз шұғылданды. 40 жыл бойы өзінің коммунистік атағына кір келтірмей, партияның адал перзенті бола білді. Әдебиеттің партиялылығы, халықтығы, идеялылығы принциптерін берік ұстанып, туған еліне қаламымен қалтқысыз қызмет етті. Кеңес армиясы қатарынан босап қайтқан Тілеков 1946 жылдан бастап творчесиволық жұмысқа қайта оралады. Қазақстан Жазушылар одағының  Семей облыстық бөлімшесінің секретары (1949-1952), «Жазушы» баспасының проза бөлімінің меңгерушісі  (1952-1965), «Жазушы» журналы бас редакторының орындасары  (1965-1973) міндетін атқарады. 1973 жылдың шілде айынан бастап бірыңғай творчестволық жұмысқа ауысады.

    Жәрдем Тілеков өзінің жары  Майра апаймен Орал қаламызда бас қосады. Анасының есімі – Зейнепғаріп.  Тұңғышы Зәуре ауырып Орал қаласында қайтыс болады. Ұлы Махамбет Атырау жерінде дүние салады. 1940 жылы қызмет бабымен Семей қаласына барғанда Роза атты қызы дүниеге келеді. Алайда жалғызының қызығын көрместен  майданға аттанып кетеді. Майданнан аман - сен оралған Жәрдем Тілеков белгісіз себептермен  отбасына келмей, жаңа өмір бастап, отбасын құрады.  1950 жылы  әкесін өзге әйелмен көрген Роза апай әкесіне ренжіп анасына еріп кете барады. Содан әкесін мүлдем көрмейді. Әкесі өгей шешесін жібертіп шақыртқанмен реніштің буымен, бірбеткейлікке басып Роза апамыз бармай қойыпты.

  Жәрдем Тілеков өмірден өткенде артында қалған Майра апай: «Ай, шал-ай, сен ел жетіп жатқан 70-ке де жетпедің-ау, жетсең елің дүбірлетіп тойлайтын еді...». Сонда Роза апа: «Мама, не айтып отырсың, баяғыда тастап кеткен шалың емес пе?» – десе, «Ой, құлыным-ай, ол сенің әкең ғой, ол елдің адамы ғой, мен оның 70-ке толмай кете барғанын уайымдап отырмын», – дейді екен. Содан кейін Майра апай да дүние салады. Екеуінің арасы үш-төрт ай.

Қазір  Роза апайдың төңірегімде ұл-қыздары бар. 1952 жылғы ұлы Мереке – үлкені. Одан кейін 1964 жылғы қызы – Гүлсім және 1967 жылғы кіші баласы бар. Бәрі үйлі-баранды. Роза апайдың Жәрдем Тілековке қатысты тарихы осындай.

...

Скачать:   txt (48.8 Kb)   pdf (118.3 Kb)   docx (25.4 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club