Тарихнама
Автор: diasmadina03 • Сентябрь 14, 2021 • Реферат • 403 Слов (2 Страниц) • 597 Просмотры
Қандай ғылым болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.
XIX ғасырдың II жартысына дейін алғашқы қауымдық құрылыс туралы тарих ғылымының арнайы саласы болған жоқ. Бірақ бұдан XIX ғасырдың II жартысына дейін ешкім онымен айналыспаған деп айтуға болмайды. Адамдардың өздерінің өткен тарихына көз жіберуі сонау ерте заманнан басталған. Біз бұны дүние жүзіндегі халықтардың өз ата-бабаларының ерліктері туралы осы күнге дейін сақталған ертегі аңыздарынан, рулар мен тайпалардың шығуы туралы шежірелерінен білеміз.
Тарихты жазу. Алғашкы адамдардың тұрмысы жайындағы мәліметтер ежелгі Египет (Мысыр), Вавилон, Ассирия, Парсы елінің тас жазулары, жазбаша деректерінде кез-деседі. Шумер, Египетте адамдарды құдай жаратты деген аңыздар көп бол-ған. Жер бетін мекендеген алғашқы халықтар туралы ертеде көптеген ғалымдар жазған. Мәселен, Геродот грек, парсы, сақ-скифтер мен Африка-ның кейбір халықтары жайында, Сыма Цянь Қытай мен оның көршілері туралы, Рашид ад-Дин Орталық Азияның түрік-монғол жауынгер тайпа-лары, ал Цезарь мен Тацит — германдықтар жөнінде жазған.
ХV-ХVIІ ғасырларда Ұлы географиялық ашуларға байланысты (жаңа теніз жолдарының, жерлердің ашылуы) алғашқы Қандай ғылым болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының
...