Лекции по "Современной истории Казахстана"
Автор: itsbotakoz • Февраль 2, 2020 • Курс лекций • 56,501 Слов (227 Страниц) • 774 Просмотры
- «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсының пәні. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты жұмысындағы ұлттық тарихқа стратегиялық көзқарас.
Тарих дегеніміз адамзат баласының және қоғамының басынан өткізген оқиғаларда жүктелі,хронологиялық тәртіппен оның заңдылықтарын аша отырып баяндайтын қоғамдық-гуманитарлық ғылым.
Зерттеу объектісі-адамзат және қоғам
Мыс:дүние жүзі тарихы, құрлықтар тарихы, елдер тарихы аймақтар тарихы,т.б
Пәні- адамзат баласы мен қоғамның өткені заңдылықтары мен ерекшеліктері, рухани дамуы, белгілі бір уақыт кезеңі.
Мыс: Ежелгі дүние, орта ғасырлар, т.б
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері және өзекті мәселелері. Мақсаты:
-Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденгенфактілер негізінде міндетті толық білім беру;
-тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығы дәлелді көрсету рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастарды қалыптастыру;
-Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру;
-Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау.
Міндеттері:
-тарихи танымның әдістерін пайдалануға үйрету және ғылыми көзқарас пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру
-Қ-ның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру
-Егеменді Қ-н мемлекеттінің қалыптасып, ныгаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
-Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық жане рухани негізін қалыптастыру;
-Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы Қ-н тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларды ашу.
Н. Назарбаев еңбектері арасында басқаларынан өзінің пайда болу объективтілігі жағынан да, мақсаты мен міндеттері жағынан да, мазмұны мен мағанасы жағынан да, демек, дерек көзі ретіндегі ерекшелігі жағынан да оқшау тұрған еңбек, ол 1999 жылы “Атамұра” баспасынан жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітап. Елбасының, әлем мойындаған саясаткердің тарих толқынына ден қойып, елінің, ұлтының бүгіні мен келешегін сол тарих толқындары жалғастығынан іздеу себебі туралы автор кітаптың алғы сөзінде: “Кездейсоқ болмауы керек, Қазақстанның аспан түстес туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау тәуекелі келіскен мазмұнды да мағаналы нысанның өн бойында табиғат та, тарих та тоғысып жатыр. Қазақтар тарих толқынында… Егер саясаткер бүгінмен ғана беттесер болса, онда олардың тағдыры анағұрлым жеңілдеу болар еді. Әрекет үстіндегі саясаткерлер, мейлі күйретуші немесе көркөйтуші болсын, олардың драмаға толы тірлігі қайткен күнде де тарихтың толқындарымен шендесіп жатады. Мұны саяси театр актерінің өзі сезіне ме, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Гәп басқада – гәп жаңағы тарих толқындарымен шендестіріп жататын күштің таза практикалық немесе өткінші істерді бірде айқындап, енді бірде көлеңкелеп жататынында болса керек. Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін”-деп түсіндіреді [131, 4 б.]. Демек, Н. Назарбаевты тарихқа “алып келген” тарих сабақтастығы, “бүгінгі күннің оқиғалары” сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттілігі. Тыңдай білген адамға тарих тағылымы мол ұстаз, пайдалана білген адамға тарих теңдесі жоқ таным тәсілі. Ол бәріне де, оның ішінде саясаткерге де қажетті құрал. Сондықтан да Елбасы: “Тарихқа археологиялық зерттеулердің пәні тұрғысынан қарамай, бүгінгі өмірді танудың тәсілі тұрғысынан қарағанда “саясат” деген кінәмшіл үрдіс әрқашан алдыңнан шығып отырады. Сонымен қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған іргетасы туралы айтылған.
...