Лекции по "Истории Казахстана"
Автор: Gaziza Omar • Сентябрь 29, 2023 • Курс лекций • 4,494 Слов (18 Страниц) • 183 Просмотры
1-тақырып. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНА КІРІСПЕ.
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
- Қазақстан тарихы бойынша дәрістің негізгі мақсаты, пәні және міндеттері.
- Қазақстан тарихын дәуірлеу және деректер.
- Қазақстан тарихының қазіргі таңдағы аса маңызды мәселелері.
1.Қазақстан тарихы бойынша дәрістің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Өркениетті елдердегі сияқты егемен, тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында студенттерге білім беру үрдісінде қоғамдық ғылымдар жүйесіне енгізілген. Олар: Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, экономика теориясы, мәдениеттану, әлеуметтану, мемлекеттік құқық негіздері пәндерінен тұрады. Іргелі ел санатына қосылу–азаматтарымыздың осы ғылымдары толық меңгеруімен айқындалады. Қоғамдық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Солардың арасында Қазақстан тарихы курсы да ерекше орын алады. Қазақстан жастарының өз жерінің, елінің тарихын жақсы білуі қажет, қастерлеуі керек. Халық арасында жиі айтылатын ақын М.Шахановтың адамның өз туған анасынан басқа да, тағы төрт анасы бар, олар: туған жер, туған тіл, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, менталитет және туған тарих екендігі әрқашан жадымызда сақталуы керек.
Қазақстан тарихы егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы территориясында өмір сүрген, қазіргі өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың ескерткіші. Қазақстан тарихы бүкіл азамат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүнйежүзі тарихи, Евразия тарихи, көшпенділер өркениеті, түрік халықтары тарихи, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстанның территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғалар, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, патриотизімді тәрбиелеу.
Қазақстан тарихының қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз оның дүниежүзілік тарихпен, Еуразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функциаларының ең бастысы ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міндеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Қазақстан Республикасында «Қазақстан тарихы» оқытудың рөлі мен маңызы анықтайтын төмендегідей комплексті міндеттерді ескереді:
- Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарихи білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
- Қазақстан халықтарының ортах тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай – ақ дүниежүзілік тарих пен азамат өркениетінің тасқыныда қарастыруды көздеуі;
- Тұтас қабылдауға негіздеелген Отан тарихының біріңғай логикалық стержінің құру, олар мемлекет құрушы ұлттар – қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;
- Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи білімен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау, сөйтіп оның ХХ–ХХI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық – мәдени даңғылға шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты- Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногензі, Қазақ халқы мемлекеттігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Бұл бөлімдегі басты проблема – тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Бұған дейінгі тарихи материалды беру жүйесі тарихи үрдісті тұтас қабылдауы, әсіресе Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің дамуының жалпы динамикасы бұзды.
Қазақстан тарихы пәні - тәуелсіз Қазақстан Республикасының ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын оқытады. Дүниежүзілік тарихтың бір бөлшегі.
Шындығында, ежелгі дүние орта ғасыр кездерінде қазақ жерінде көптеген, тайпалық одақтар, мемлекеттер қордаланып, өсіп, өрбіді. Қазақ халқы ұлт болып құрылды. Ұлттық тарихымыздың қуанышты сәттерімен қоса трагедиялық сәттері қоса-қабат жүрді. Сол себепті Қазақ тарихын оқытудың мәні мен мазмұны еліміз бен жеріміздің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын тәуелсіздік рухында зерделей отырып ұлттық идеямен тығыз байланыстырып қарастыру қажет. Ұлттық идея дегеніміз тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгіннің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу.
...