Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Истории Казахстана"

Автор:   •  Февраль 13, 2023  •  Курс лекций  •  32,085 Слов (129 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 129

МАЗМҰНЫ

1-ЛЕКЦИЯ         ---------------------------------------------------------------------------------4-7

2-ЛЕКЦИЯ   ------------------------------------------------------------------------------------8-11

3-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------12-18

4-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------19-21

5-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------22-23

6-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------24-26

7-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------27-30

8-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------31-33

9-ЛЕКЦИЯ-------------------------------------------------------------------------------------34-36

10-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------37-39

11-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------40-44

12-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------45-48

13-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------49-56

14-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------57-63

15-ЛЕКЦИЯ------------------------------------------------------------------------------------64-70

Лекция №1. Тақырыбы:  Кіріспе. Ежелгі Қазақстан.

 Лекция жоспары:        

  1. Қазақстан тарихына кіріспе.
  2. Қазақстандағы тас дәуірі
  3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі, сондықтанда оны оқып-үйрену жастардың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше орын алады. Қазақтар түрік тілдес халықтарға жатады, олардың арасында халқының саны жағынан 4-ші орында, ал жерінің көлемі бойынша әлем халықтарының алғашқы ондығына кіреді. Қазақтардың, тарихта әртүрлі атаулармен белгілі, арғы тегі күрделі тарихи жолдардан өтіп әлемдік жетістіктерге өзінің сүбелі үлесін қосты. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі болмысы, келісті келбеті мен келешегі бүкіл дүние жүзінің назарына ілігіп, оны өзіне аударуда.

Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрысының саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеуі, жаңаруы көп жылдар бойы әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткен тарихын білуі күңгірттеніп, ұрпағы өз елінің тілі мен дінінен, салт-дөстүрінен қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбүрыстың нәтижесінде тарихымыздың көптеген мәселелері қайта қаралып, жаңа сипат алуда. Ақтаңдақ беттерді нақты тарихи шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде.

«Тарих» сөзі араб тілінен «өткенді зерттеу» деген мағынаны білдіреді.Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан , еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен:

  1. Алғашқы қауымдық құрылыс
  2. құл иеленушілік құрылыс
  3. феодалдық құрылыс
  4. капиталистік құрылыс
  5. социалистік құрылыс.

Тарихтың көмескіленген құпияларының шын мәнін ашып көрсету – тарих бұлақтары болып аталады, олар жазба және материалдық болып екіге бөлінеді.

Жазба қайнар көздері: ескі кітаптар, шежірелер, жарлықтар, түрлі құжаттар, көркем әдеби шығармалар, қағаз, тері, ақ қайың қабықтары, саз балшықтан жасалған пластинкалар, тас, жібек мата, т.б. Адамдар жазуды 5 мың жылға жуық бұрын үйренген. Сондықтан жазба көздері осы уақыт мерзіміне көз жіберуге мүмкіндік береді.

Көне заман кезеңін зертеуде материалдық қайнар көздер пайдаланылады, оларға адамның қолымен жасалған әртүрлі бұйымдар немесе нысандар жатады. Бұлар жер бетінде , су астында, бір кезде баспана болған үңгірлерде кездеседі: көне дәуір адамдарының тұрақтары және басқа құрылыстар, жиһаздар, ыдыстар, үй аспаптары, қару, еңбек құралдары, әшекей бұйымдары, т.б.

Қазақстан Республикасының көне дәуірден бүгінге дейінгі дейінгі тарихы бірнеше кезеңнентұрады.

Бірінші – көне заман. Бұл ұзақ мерзімді қамтиды – Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардан б.з.д. Ү ғ. аяғына дейін.

...

Скачать:   txt (432.7 Kb)   pdf (765.9 Kb)   docx (367 Kb)  
Продолжить читать еще 128 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club