Контрольная работа по "Истории"
Автор: Гулайым Сансызбаева • Март 24, 2022 • Контрольная работа • 599 Слов (3 Страниц) • 301 Просмотры
Сансызбаева Гүлайым
1. Дүние жүзі картасында Израиль мемлекеті қалай пайда болды? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шамамен 1945-1946 жылдары Израиль мемлекеті пайда болды. Өйткені Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан Палестин аумағын 1947 жылы жаулауға көшті. 2. Арабтар мен Израиль арасында болған негізгі әскери қақтығыстарды атаңдар. Олардың нәтижелері қандай болды? 1956 жылы күзде Израиль Синай түбегінде Египетке қарсы соғыс бастады.Келесі күні Англия мен Франция Египетті бомбалап,бір аптадан соң Порт-Саидқа басып кірді.Соғыс әрекеттері қарашада аяқталып,израиль әскерлері Шарм-эш-Шейхті басып алады.Израильдің бақылауына бүкіл Синай түбегімен қоса Газа секторы да кіреді. Осыдан кейінгі жылдары да бірнеше рет Араб-Израиль соғыстары болды.Израиль АҚШ пен Батыс елдерінің қолдауына арқа сүйесе,КСРО араб елдерін қолдап келді.Бірақ араб елдерінің арасында бірлескен іс-қимылдар болмағандықтан,1967 жылғы «6 күндік соғыс»деп аталатын соғыста арабтар жеңіліс тапты. Соғыс 1967 жылы 5 маусымда басталды. Египет,Сирия,Иердония өз әскерлерін Израильдің шегарасы бойынша шоғырландырып, БҰҰ-ның бейбітшілік күштерін ығыстырып шығарды, Израиль кемелерінің Қызыл теңіз бен Суэц каналына кіретін жолын жауып тастады. 70-80жж Палестина мәселесінің шешімін таппауы және Израильдің араб мемлекеттеріне қарсы жүргізіп отырған басқыншылық саясаты әлемнің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігіне қатер төндіріді.1973 жылғы 6қазанда Египет Синайға шабуыл бастады.Алғашқы күндері жеңіске жеткен араб әскері апта аяғында шегінуге мәжбүр болды.Айтарлықтай шығынға ұшырағанына қарамастан,египет пен сирия әскерлерінің шабуылына израильдік ЦАХАЛ күштері тойтарыс берді.Осыдан кейін әскерлер өз аймақатрына кері шегінді.
3. Таяу Шығыстың үздіксіз соғыстар мен шиеленістердің ошағы болуын қалай түсіндірер едіңдер?
70-80 жылдардағы Палестина мәселесінің шешімін таппауы және Израильдің араб мемлекеттеріне қарсы жүргізіп отырған басқыншылық саясаты әлемнің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігіне қатер төндірді. Израиль 1967 жылғы 22 қарашадағы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын орындаудан бас тартты. Ол қарар бойынша Таяу Шығыстағы мәселелерді реттеу үшін израильдік әскерлерді 1967 жылғы соғыс кезінде басып алған жерлерден шығару талабы қойылған болатын.
...