Контрольная работа по "Истории"
Автор: Yedil Yerkinbekuly • Ноябрь 16, 2020 • Контрольная работа • 1,717 Слов (7 Страниц) • 550 Просмотры
1 сұрақ
1964 жылы 14 қазанда КОКП ОК-нің пленумында партия және ел басшылығы ауыстырылды:КОКП ОК-нің бірінші хатшысы болып Брежнев (19964-1982) сайланды.
Қоғамдық - саяси даму - 1964 жылы 14 қазанда КОКП ОК - нің пленумында партия және ел басшылығы ауыстырылды : КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л.И.Брежнев ( 1964-1982 ) Үкімет басшысы А.Н.Косыгин сайланды . « Тоқырау жылдары » -1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы : Жаңашыл үрдістер әлсіреді Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады . - Югославия , КХДР , Египет мемлекеттері тоқырау жылдары КСРО - дан іргесін аулақтатып әкетті .1968 ж . Чехословакияда « Прага көктемі » оқиғасы болды . Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға , қатып - семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті .1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет : Қытай Халық Республикасы .КСРО - да қалыптасқан режімге наразылықтың бір түрі- диссиденттік ( авторитарлы және тоталитарлы саяси - идеологиялық жүйеге ашық қарсы шығушылыр ) етек ала бастады . -1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев « КСРО - да Кемелденген социализм қоғамы орнады » деп мәлімдеді .Кемелденген социализм- комунизмге өтер жолдағы кезең .1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып Д.А Қонаев сайланды . 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды .1964-1986 жылдары Д.А.Қонаев Қазақстанды басқарды.
2 сұрақ
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды . Мұндай жағдай елдің әлеуметтік , экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді Дағдарыстың себептері : Саяси саладағы белгілері:Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі . Қоғамдық өмірдің , экономикалық қызметтің , азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы . Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі . Заңдылықтың бұзылуы . Жариялылықтың болмауы . Экономикалық салада - Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі . Ғылыми - техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық .Бақылаусыз басқару аппараты . Инфляция . Товар зәрулігі Әлеуметтік салада Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы . Теңгермешілдік . Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы . Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер .Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.1982 жылы 10 қарашада Л.И.Брежнев қайтыс болды.1982-1984 жылдары КСРО басшылығына Ю.В.Андропов келді.1984-1985 жылдары К.У.Черненко КОКП ОК - нің Бас хатшылығына сайланды. КОКП ОК - нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды (1985-1991 жж).1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету қайта құру
Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП - ның XXVII съезінде мақұлданды . Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды . -Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК - ң « Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы күрес » қаулысы жарияланды : жүзім шабындықтары оталып , ішімдіксіз аймақтар жарияланды жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп , базарда сатуға рұқсат берілмеді кафелер жабылып , ресторандар өзгертілді -салдары : самогон қайнату күшейді . Спиртті ішімдіктерге алыпсатарлық өсті нашақорлық үдеді . Тұрмыстық маскүнемдік артты ұрлық , қылмыс көбейді . « Көлеңкелі экономика » нығая түсті -кемшіліктері : Қайта құру ешқандай бағдарламасыз , ғылыми айқындамасыз жүргізілді . Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды . Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады . Бұған Мәскеуде В.В.Гришин , Ленинградта Г.В.Романов , Қазақстанда Д.А.Қонаев , Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді . Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер -80 - жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл - әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды . Республика шикізат көзі ретінде қала берді .Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды . Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың « қалдықты » ұстанымы сақталды . Ұлттық мәдениет , салт - дәстүрлер , тіл өте ауыр жағдайға тірелді .Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600 - ден астам мектеп жабылды . Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды . Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады . Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды . Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды .
...