Джавахарлал Неру – «Взгляд на всемирную историю»
Автор: Moldirra • Ноябрь 14, 2022 • Практическая работа • 1,832 Слов (8 Страниц) • 201 Просмотры
СӨЖ
Тақырыбы: Джавахарлал Неру – «Взгляд на всемирную историю».
Кіріспе.
Үндістанның көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері Дж.Нерудың бұл үш томдық еңбегін түрмеде өзінің кішкентай қызы Индираға жазған хаттары түрінде жазған. Бұл кітапта Дж.Неру адамның пайда болуы мен өркениеттердің пайда болуынан Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейінгі дүниежүзілік тарихтың негізгі оқиғаларын қысқаша түрде баяндап берді. Бірінші том Батыс пен Шығыстың ежелгі өркениеттерінің пайда болуынан орта ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші томда ХҮ ғасырдан басталатын оқиғалар, еуропалық отаршылдардың Азия елдерінде пайда болуы, ХҮІІ ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының оқиғалары қамтылған. Және ХҮІІІ ғасырдағы Француз революциясы, АҚШ-тың құрылуы және Америкадағы Азамат соғысы, Ресейдегі 1905 жылғы революция. 1914-1918 жылдардағы империалистік соғыс оқиғалары оны аяқтайды. Үшінші том Ресейдегі ақпан және қазан төңкерістеріндегі оқиғалардан басталады. Бірнеше хаттар Италияда фашистердің, Германияда фашистердің билікке келуіне арналған. Автор алғашқы екі томдағыдай Азия елдерінің тарихына көп көңіл бөледі. Үшінші томның тұсаукесері Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында өткізілді.
126. ЖАЛПЫ РЕВОЛЮЦИЯЛАР ТУРАЛЫ
Дж Нерудың «Взгляд на всемирную историю» атты еңбегінде бүкіл әлем тарихына көз жүгірте отырып өзінің көзқарастары мен әлем тарихында болған және болып жатқан оқиғаларды жазды. Дж Нерудың осы еңбегінің 126 бөлімінде Европа тарихындағы революцияларға жайында жазып өтеді. Революциялардың нақты түрлеріне тоқтала отырып, индустриализм, капитализм, империализм және социализм, национализм, интернационализмге тоқталып өтеді. Бұл бөлімде Европа мемлекттері арасында 1815 жылы болған Вена конгресі жайында, сонымен қатар 1830 жылы Францияда болған Шілде революциясында сөз етеді. Бұл бөлімнің негізгі мазмұны әлем тарихын өзгерткен соғыстар нәтижесінде болған революциялар жайлы. Ежелгі және орта ғасырларда соғыстар дін үшін, династиялар арасында немесе бір мемлекттің екінші мемлектті жаулап алу мақсатында болды. Дж Неру өзінің ойынша Европа елдерінде болған кейбір дін үшін жасалған соғыстардың артында экономикалық факторлар тұр. Бұрынғы дәуірлерде болған поитикалық және династиялық соғыстар қазіргі заманда өзгеріп одан сайын қатерлі соғысқа айналды. Политикалық соғыстар национализммен байланысты болды. Политикалық соғыстар екі агрессивті ұлттардың қақтығыстары нәтижесінде туындады. Осылардың ішінде экономикалық соғыстардың үлкен рөл ойнайтындығы айтылады. Тарихтағы революциялар бұрынғы кездерде патшаны тақтан түсіру, немесе екі билеуші топтар арасындағы қырқыс нәтижесінде және тағы басқа себептермен болды. Бірақта сол революциялардың нәтижесінде тек қана билеуші топтар ауысып отырды. Билік жүйесі, халықтың жағдайы сол бұрынғы қалпында қала берді. Яғни мемлектті басқарқарған тирандарға шыдымаған халық оны орынынан түсіруді мақсат етті. Сонда да бұл революциялар ешқандай экономикалық және әлеуметтік өзгеріс әкеле алмады. Тек қана политикалық тұрғыдан нәтиже бере алды. Ұлттық революциялар жоғарыдағыға қарағанда нәтиже бере алды. Ұлттық революциялардың мәні қандай да бір ұлт басқа бір ұлттың қарамағанды болып тәуелсіздігін алуды мақсат еткен жағдайда болды. Ұлттық революцияны жасаушы мемлекет өзінің үстінде тұрған елге бағынуға тура келді. Әрине ондай жағдайда олар өз тәуесіздігін аңсады. Ұлттық революциялар кейіннен әлеуметтік революцияларға алып келді. Әлеуметтік революциялвр политикалық революцияларға ұқсас болды, бірақ құрылымдық жағынан ерекшеленді. Недегенменде әлеуметтік революция қоғамды өзгерте алды. Англияда болған революция политикалық болғанымен де әлеуметтік де сипат алды. Себебі бай қоғам өкілдері билікке әсер ете алды. Францияда болған революция да көбіне әлеуметтік сипат алды. Осы революцияларды мысалға келтіре отыра автор әлеуметтік революциялардың көбірек нәтиже беретіндігін көрсетті. Сонымен қатар Үндістанда болған революцияларды да сипаттап өтті. Үндістандағы революция ұлттық сипатта болды. Қоғам өзін билеп тұрған өзге мемлекттен тәуелсіз болғысы келді. 1848 жылы болған Европадағы революциялардың кейбірі сәтті болды, бірақ өкінішке орай көбісі сәтсіз аяқталды. Польша Пруссияға қарсы көтерілді. Чехия мен Солтүстік Италия австрияға қарсы көтерілді. Бірақ бұл көтерілістердің бәрі басылып тасталды. Венгрияның Австрияға көтерілісі ең үлкен көлемді болды. 1848 жылы Германияда болған көтеріліс ауыр болды. Бұл көтерілісте басылып, реформалармен уәде берілді. 1830 жылы Францияда болған көтеріліс өзгерістер әкелді.
...