Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР отын – энергетикалық саласы

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  915 Слов (4 Страниц)  •  3 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚР отын – энергетикалық саласы.

Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді . Оның негізгі міндеті -халықты, шаруашылыктың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару (экспорт). ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды. ОЭК – біздің еліміз үшін негізгі валюта «табушысы». Оның Қазақстан экспортындағы үлесі 3/5-тен астам. Қазақстанның отынды өндіру құрылымында 20 ғасырдың 30-жылдарында негізгі орынды көмір алса, енді жетекші орынға мұнай мен газ шықты.

https://ru-static.z-dn.net/files/d9a/4ff9c198c2cf0a2df2f428dc7c72f6f7.jpg

Мұнай өнеркәсібі. Мүнай өнеркәсібі отын өнеркөсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайдан 300 түрлі өнімнің түрін алады: ең қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын жене химия өнеркөсібіндегі полимер материалдарының негізгі шикізаты. Мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеген кезде түрлі отын, яғни бензин, дизель майы, керосин және химиялық өнімдер алынады. Мұнайды өңдеу барысында түзілетін мазут электростансыларда, метталургия пештерінде отын ретінде қолданылса, оның соңғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады.

1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылды.

1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан бөлме температурасының өзінде илене бастайды. Бұл кеніштердің мұнайын тасымалдау қиын, сондықтан да дүние жүзінде алғашқы болып қыздырылып отыратын мұнай құбыры салынды.

1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады. Кейінірек мұнайды тереңірек қабаттардан тұз тұнбаларының астынан (Кеңкияқ және Жаңажол) және алып Қарашығанақ, Теңіз мұнай кен орындарынан ашылды. Теңіз мнайы құрамында улы күкіртті сутек қоспалары көбірек кездеседі, сондықтан да оны арнайы тазартып, күкіртті сутекті бөліп алып одан күкірт алады. Ал бөліп алынған күкірттен күкірт қышқылын және мұнай химиясына қажетті өнімдер алады. Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарындағы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып – одан конденсат алады. Газды конденсат – химияда таптырмайтын шикізаттың бірі, одан синтетикалық каучук алынады. 1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы – Оңтүстік Торғай ашылды. Ірі кен орны Құмкөл. Құмкөл мұнайы тез қатады және құрамында табиғи газ бар. 1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды. 1979 жылы Атырау облысында ашылған Теңіз алабы – дүниежүзіндегі ірі мұнай кен орындарының бірі. Болжам бойынша , мұндағы мұнайдың геологиялық қоры 3 млрд 133 млн т шамасында. 1933 жылы ҚР мен АҚШ тың «Шеврон» компаниясы арасында «Теңізшевройл» серіктестігі құрылып, Теңіз және Королев мұнай кені игеріле бастады. Теңіз мұнайын экспорттау мақсатында 2001 жылы ұзындығы 1580 км Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры іске қосылды. Теңіз кенішінде қазіргі уақытта жылына 30 млн т-ға дейін мұнай өндірілуде.

Газ өнеркөсібі Қазақстан отын энергетика кешенінінің ең жас саласы. Газ – толық жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталды. Отынның ішінде газ – жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы

...

Доступно только на Essays.club