Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цунами

Автор:   •  Февраль 20, 2022  •  Реферат  •  314 Слов (2 Страниц)  •  327 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                                                                                         Цунами

Цунами - жапон тілінен аударғанда порттағы толқын - мұхитта немесе басқа су аймақтарында судың шайқалуынан болатын ұзын толқындар. Көптеген цунамидің болу себебі, ол - күшті суасты жерсілкінулері. Жерсілкінудің нәтижесінде бірнеше толқын таралады, және біріншісі әрдайым ең күштісі бола бермейді.

Цунамидің 80%-дан көбі Тынық мұхитында пайда болады. Орташа, 4000 метр, тереңдікте цунамидің таралу жылдамдығы 200м/с немесе 720 км/сағ болады. Бақылаулар нәтижелері мұндағы болған цунами толқындарының жылдамдықтары 10000 км/сағ-тан 400 км/сағ-қа дейінгі аралықта болғанын көрсетіп отыр. Ашық мұхитта цунами толқындарының биіктігі 1 метрден андасанда асады, ал толқын ұзындығы 500-1000 км-ге дейін жетеді. Сондықтан да олар кемелер мен қайықтарға қауіп төндірмейді.

Цунамилер Еуропаға жиі соққы бермейді. 1755 жылы Португалияның Лиссабон қаласы толығымен қирады. Құжаттарға сүйенсек, 60 мыңға жуық адам қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Цунамиден кейін портқа келген теңізшілер оны жай таныған жоқ. Бұл апат Португалияның үлкен теңіз державасы атағын жоғалта бастаған себептерінің бірі болды.

Цунамилер қалалардың порттарын қиратып, қаланың инфрақұрылымын құртады. Ғимраттар су астында қалып, адамдар баспанасыз қалады. Осындай Лиссабон секілді үлкен қалаларда болған цунамилер көптеген адамдардың өмірін алады. Цунамилер сонымен қатар қаланы қайта қалпына келтіруге кететін ақшалай шығын тудырады.

                                                 Жер сілкінісі     

Жер сілкінісі жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (57.1 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club