Нафтендер
Автор: talgat.akniet • Октябрь 16, 2021 • Реферат • 742 Слов (3 Страниц) • 464 Просмотры
мөж
Тақырыбы: Нафтендер
Орындаған: Жалғасбаева А.
Циклоалкандар (нафтендер) мұнайдың құрамында 25%-дан 75%-ға дейін кездеседі. Олар мұнайдың барлық фракцияларында болады және фракция ауырлаған сайын мөлшері көбее береді. Жоғары температурада қайнайтын майлы фракцияларда ғана ароматты құрылымдардың көбеюіне байланысты нафтендердің мөлшері азаяды. Қазақстанда нафтендерге бай Қараарна, Доссор, Забурунье, Жаңажол және т.б. мұнайлары жатады, олардағы нафтендердің орташа мөлшері 40-60%, кейбір жеке фракцияларда 90-95% жетеді.
Бес- және алты мүшелі циклоалкандар тұрақты болып келеді, соған байланысты мұнайдың құрамында циклопентан мен циклогексанның көптеген гомологтары анықталған.
Мұнайдың құрамында циклопропан және циклобутан өкілдері анықталған жоқ. Мұнайдың жоғарғы фракцияларында моно-, би-, три-, тетра-, пентациклді, сонымен қатар арендермен байланысқан гибридті нафтендер кездеседі.
Моноциклді нафтендер 300-350 оС фракцияларына дейін кездеседі, бициклді нафтендер 500 оС дейінгі фракцияларда, трициклді нафтендер 350- 400 оС жоғары фракцияларда кездеседі.
Моноциклді циклоалкандар Тұйық тізбегінде 5-8 көміртек атомдары болатын моноциклді нафтендер негізінен қ.б.-125 оС фракцияларда жинақталған. Бәрінен тұрақты циклоалкандарға циклопентан және циклогексан қатарының көмірсутектері жатады. Циклопентандардың мөлшері 14,5-53%, ал циклогександар – 14- 36,5% дейін болады. Циклопентанның өзі өте аз мөлшерде кездеседі. Метилциклопентанның мөлшері 24,5% дейін өседі. Циклопентан қатарының негізгі қосылыстары С7 көмірсутектері болып табылады, олардың мөлшері кейбір мұнайларда 40- 48,5% дейін кездеседі. С7 көмірсутектері негізінен 1,2- және 1,3- диметилциклопентандардан тұрады. 1,1-Диметил- және этилциклопентандар оларға қарағанда едәір аз кездеседі.
С8 қатарының циклопентандары әртүрлі мұнайларда 29,5%-дан 88%- дейін болады. Бұл циклопентандар негізінен триметил- және метилэтилтуындылары болып келеді: 1,1,3-триметил-, 1,1,2-триметил-, 1,2,4-триметил-, 1,2,3-триметил-, 1,4-диметил-2-этил-, 1,2-диметил-3-этилциклопентандар. Циклопентанның С9 қатарында 1,2,3,4-тетраметил-, 1,4-диметил-2-этил- және 1,2-диметил-3-этилциклопентандар көбірек кездеседі, ал 1,1,2,4-тетраметилжәне 1,1-диметил-3-этилциклопентандар өте аз болады.
Мұнайда циклогексанның мөлшері циклопентаннан көп болады, кейбір мұнайларда 18% дейін кездеседі. Метилциклогексанның мөлшері циклогексаннан 2-6 есе көп болады. Кейбір мұнайларда метилциклогексан негізгі компонент болып табылады, олардың мөлшері 36,5-50% жетеді. Циклогександардың С8 қатарына 1,1-, 1,2-, 1,3-, 1,4-диметил- және этилциклогексан жатады. 1,1-Диметилциклогексан аз мөлшерде анықталған. Бұл изомерлердің қатынасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Циклогексан қатарының С9 изомерлеріне 1,1,2-, 1,1,3-, 1,1,4-, 1,2,3-, 1,2,4-, 1,3,5-триметил-, 1-метил-3-этил- және 1-метил-4-этилциклогександар жатады. 1,1,3- және 1,2,4-триметилтуындаларының мөлшері триметилциклогексан изомерлерінің арасында көбірек кездеседі (61-80%). Метилэтилциклогександар қатарында 1-метил-3-этилциклогексанның мөлшері 1-метил-4-этилициклогексанға қарағанда 1,5-2 есе артық болады.
...