Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ерітінділер тақырыбына тест сұрақтары

Автор:   •  Июнь 24, 2022  •  Тест  •  1,792 Слов (8 Страниц)  •  1,885 Просмотры

Страница 1 из 8

Ерітінділер тақырыбына тест сұрақтары

№ 1

«Тұздың 3%-ті ерітіндісі» деген сөйлемінің мәні:

A) ерітіндінің 100 грамында тұздың 30 грамы бар

B) ерітіндінің 103 грамында тұздың 3 грамы бар

C) судың 97 грамында тұздың 3 грамы ерітілген

D) судың 100 грамында тұздың 3 грамы ерітілген

E) судың 100 грамында тұздың 30 грамы бар

№ 2

Бір шыны ыдыста “15% HCl”, ал екіншіде «HCl = 0,15» деп жазылған. Дұрыс пікірді анықтаңыз:

A) бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 10 есе кем

B) екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 100 есе артық

C) екі ыдыстағы ерітінділердің концентрациялары бірдей

D) екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 10 есе кем

E) бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 100 есе артық

№ 3

Ерітіндісі ерітілетін затпен тепе-теңдікте болатын жүйе:

A) сұйылтылған

B) аса қанықпаған

C) қанықпаған

D) аса сұйылтылған

E) қаныққан

№ 4

Лакмустың түсін көк түске айналдыратын тұз ерітіндісі:

A) натрий сульфиді

B) калий хлориді

C) барий нитраты

D) алюминий бромиді

E) кальций сульфаты

№ 5

Ерітіндіде лакмустың түсі өзгермейді:

A) натрий карбонаты

B) темір (III) бромиді

C) калий нитраты

D) цезий сульфиді

E) алюминий хлориді

№ 6

Судағы ерітіндісінде гидролизденетін тұз:

A) барий нитраты

B) алюминий нитраты

C) калий хлориді

D) калий бромиді

E) калий сульфаты

№ 7

Магний сульфатының кристаллогидратынан (MgSO47H2O) магний сульфатының 12%-тік ерітіндісінің 1 килограмын алу үшін жұмсалатын судың массасын (г) анықтаңыз.

A) 754 г

B) 840 г

C) 547 г

D) 400 г

E) 650 г

№ 8

Судың 1000 грамында кристаллогидраттың (CaCl26H2O) 219 грамын еріткенде алынған ерітіндідегі кальций хлоридінің массалық үлесі:

A) 25,6%

B) 9,1%

C) 21,95

D) 17,9%

E) 18,7%

№ 9

Калий хлоридінің 15%-тік ерітіндісінің 60 грамына күміс нитратының 10%-тік ерітіндісінің 170 грамын қосқанда түзілген тұнбаның массасы

A) 32,45 г

B) 25,44 г

C) 14,35 г

D) 11,76 г

E) 46, 54 г

№ 10

Нағыз ерітінді

A) саз ерітіндісі

B) қант ерітіндісі

C) қан ерітіндісі

D) сүт ерітіндісі

E) әк ерітіндісі

№ 11

Жүзгінге жататын зат:

A) саз ерітіндісі

B) ас тұзы ерітінідісі

C) қан ерітіндісі

D) қант ерітіндісі

E) жұмыртқа белогы ерітіндісі

№ 12

Егер ас тұзының ерігіштігі 1000 г суда 400 г болса, онда тұздың 10%-тік ерітіндісі

A) жүзгін болады.

B) қанықпаған

...

Скачать:   txt (19.4 Kb)   pdf (72.2 Kb)   docx (22 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club