Геоморфология
Автор: Kukon Sikon • Апрель 28, 2021 • Контрольная работа • 2,466 Слов (10 Страниц) • 363 Просмотры
67-70 геоморфология
67.Жер бедері және климат.
Климат – бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің өзара байланысы əр түрлі. Мысалы, үгілу үдерістерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дəрежесі тəуелді. Əр түрлі климат жағдайларында өздеріне тəн бедердің ерекше пішіндері пайда болады. Климат бедер түзетін үдерістерге қаншама тікелей əсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компоненттері, мысалы гидросфера, топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да əсерін тигізеді. Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің жəне Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық теңіз ағыстарына байланысты. Бұл жерде климат осындай бедердің пайда болуына гидросфера арқылы əсерін тигізеді.
XX ғасырдың бас кезінде неміс ғалымы А.Пенк климатты оның бедер құратын рөліне байланысты жіктеуге əрекет жасады. Ол климатты негізгі үш түрге бөлді: нивалдық (лат. nіvalіs – қарлы), гумидтық (лат. humіdіs – ылғалды) жəне аридтық (лат. arіdus – құрғақ). Кейіннен бұл жіктеме толықтырылды.
Нивалдық климат. Жылдың барлық мезгілдерінде жауын- шашын көп мөлшерде қар, бұршақ түрінде түсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы буланып үлгермейтін климат. Жауатын қар еритін қармен оның буланатын мөлшерінен басым болады. Мұндай аймақтардың қары жинала келе мəңгі қарға айналады да, мұздықтарға бастама береді. Нивальдық климат жағдайларында негізгі бедер құратын фактор – жылжымалы мұздықтар. Қар мен мұз жамылғысы болмаған ашық жерлерде физикалық үгілу процесі (негізінен аязды процесс) қарқынды түрде дамиды. Ал, аязды процесс немесе нивация (қардың тау жыныстарын бұзу процесі) – температураның ауытқып, қардың қатуы мен еруінің алма-кезек ауысуы нəтижесінде, онымен беттескен тау жыныстарының аяздық үгілуге ұшырап бұзылуы. Бедер құрылуға мəңгі тоң процесі де елеулі əсер етеді. Нивалдық климатқа полярлық аймақтар (Антарктида, Гренландия, Солтүстік мұхит аралдары) жəне қар шекарасынан жоғары көтерілген заңғар таулардың биік бөліктері тəн.
Субарктикалық белдеуінің жəне көп жылдық тоң то- пырақтың таралу аймақтарының климаты. Қысы қатал, əрі ұзақ поляр аймағының климаты. Күн радиациясы аз, жазы қысқа əрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташа температура 0o-тан төмен болады. Қыста ауа райы ашық, жазда – тұманды əрі бұлтты. Жауын-шашыны аз – жылына 200-300 мм-ден аспай- ды. Осындай климат бұрын қалыптасқан мəңгі тоң топырақтың ерімей сақталуына жəне солифлюкциялық процестердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл суға əбден қаныққан топырақтың жəне жұқа дисперсиялық тау жыныстардың аяздан қатқан беттің үстімен төмен қарай баяу сырғып ағуы. Полярлық климат Еуразия жəне Солтүстік Американың тундра белдеуіне жəне Шығыс Сібірдің көп бөлігіне тəн.
Гумидтік климат – аса ылғалды климат. Мұнда жыл бойы түсетін жауын-шашын топыраққа сіңетін жəне буланып кететін судың мөлшерінен едəуір басым болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, алаңдық шаюды қоздырады немесе тұрақты жəне уақытша аққан судың нəтижесінде бедердің əр түрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды) қалыптастырады. Сондықтан эрозиялық пішіндер торы гумидты климат жағдайында жиі қалыптасады. Ылғалды жəне жылудың көп мөлшерде болу себебінен гумидты климатты аймақтарда химиялық үгілу үднрісі мейлінше қарқынды жүреді. Бұған қоса карст үдерістері де дамиды.
Жер шарында гумидтік климат үш белдемге бөлінеді: оның екеуі қоңыржай белдеулердің Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шар бөлігінде дамыса, үшіншісі экваторлық белдеуге бейімделген. Климаттың бұл түріне, яғни оның бедер түзетін рөлінің сипатына сəйкес субтропиктердің жəне қоңыржай белдеулердің муссондық аймақтары (Еуразия жəне Солтүстік Американың шығыс жəне оңтүстік-шығыс аймақтары) жатады.
Аридтық климат - қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын-шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тəн құрғақ климат. Жылдық жауын- шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды. Бұл жағдайда булану қарқындылығы жауын-шашын мөлшерінен əлдеқайда артық, өсімдік жамылғысы өте сирек немесе мүлде болмайды, физикалық үгілу, əсіресе температуралық үгілу басым.
...