Амалынды тузет, туземесен, ешкiмге кiнө койма!
Автор: jjjjjJ122222 • Октябрь 27, 2022 • Эссе • 650 Слов (3 Страниц) • 218 Просмотры
ЭССЕ
«АМАЛЫҢДЫ ТҮЗЕТ, ТҮЗЕМЕСЕҢ, ЕШКІМГЕ КІНӘ ҚОЙМА!»..
Нажиева Мафтуна,
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті
Көкшетау, Қазақстан
Кіріспе. Ахмет Байтұрсынов –қазақ халқының рухани көсемі. Кезінде ұлы Абайдан бастау алған адамзат туралы гуманистік ойлардың ізін жалғастырушы, ұлы тұлға.Ахмет Байтұрсыновтың «Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма» атты мақаласының негізі де, адами болмыс, қазақ халқының XIX ғасырлардағы әл-ауқатының көрінісіне негізделіп жазылған құнды дүние. Мақалада заманына өкпелеген қазақ халқының тағдыры мен ұстанымдары, білімсіздік пен еріншектіктің, надандықтың тауқыметін көрген халық тағдыры туралы сипатталады. «Аллаңнан ойбайым тыныш» деп, алма піс аузыма түс деп жатып алған адамға қандай шара бар? Ондай атадан туған бала, ертең еліне пана бола ала ма? Нестемек керек? Халықтың ахуалы осылай жалғасса, теңдікке қолы жетеме? – деген сияқты сұрақтарға жауап ізделінеді. Соңғы сөз: «Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ»- деп қорытындыланады. Мақаланың басты мақсаты, халықтың көзін ашу, білім ізденуге, надандықтан арылуға шақыру болатын.
Негізгі бөлім. Ахмет Байтұрсынұлын Абайдың ізін жалғастырушы, Абайтану ілімінің негізін қалаушы тұлға деп бекер айтпаймыз. Оған дәлел, 1913 жылы «Қазақ» газетіне жазған «Қазақтың бас ақыны» мақаласы. Осы мақалада Ахмет Байтұрсынов: «... Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта аламағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда...» - деп Абайдың сол кездің өзінде-ақ, не айтса да, сөздің түбірін, тамырын, ішкі сырын келтіріп жазатыны туралы айтып, жоғары баға береді. Бұл туралы сөз қозғауым тегін емес. Егер оқырман қауым дұрыстап назар салса, кешегі дана Абай атамыз жазып қалдырған 45 қара сөздің ішіндегі екінші қара сөзімен осы мақаланың негізгі идеясы бір-біріне өте жақын. Осы екінші қара сөзінде Абай атамыз, қазақтар сартты екі жүзді деп, ноғайды қорқақ деп, орысты жаман сарыбас деп күлуші еді. Абай жас кезіде тек қазақ халқы ғана ең тәуір халық, басқалары антұрған жаман келеді деп ойлаған екен. Есейе келе, ойлап қараса, сарттың екпегені жоқ, саудасының жүрмеген жері, қылмаған шеберлігі жоқ, орысты қарасақ, өнерлі де сыпайылықта соларда, ноғайға қарасаң солдаттыққада, кедейлікке де шыдайды, бір-бірімен жауласпайды. Салтанат, әсемнің бәрі соларда. Осылардың малдыларына қазақтың бірі жалшы, бірі қош алушы. Сонда, жас кездегі мақтан, күлгендеріміз қайда? – деген идеяны көтереді. Сондағы, қазақтың надандығын, білімсіздігі мен салғырттығын сынағаны. Ахметтің «Амалыңды түзет, түземесең, ешкімге кінә қойма!» атты мақаласында да тура осы мәселер басқаша сипат алды. Ендігі жолы оның қатарына болыстық, пара, жер мәселелері қосылады. Алайда екі мақалада да, шешім мен түпкі негіз тек біреу, ол – ілім іздену, білім алу, еңбек ету.
...