Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Энергия түрлерін энергияға түрлендірудің ықтимал әдістері

Автор:   •  Май 10, 2018  •  Курсовая работа  •  3,355 Слов (14 Страниц)  •  1,050 Просмотры

Страница 1 из 14

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе…………………………………………………………………………………3

2. Энергия түрлерін энергияға түрлендірудің ықтимал әдістері……………………………………………………………………………………4

3. ГАЭС…………………………………………………………………………………..5

* Сорғы-аккумуляциялық электрстанциялары………………………………………6

* Қатты күйдегі аккумуляциялық электрстанциялары……………………………...7

* Тарихы…….…………………………………………………………………………..8

* Жұмыс істеу принципі………………………………………………………………..9

* Құрылғы……………………………………….…………………………………..9-10

3. Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………...11

Кіріспе

Өнеркәсіптегі техникалық прогресс технологиялық процестер, олардың тағайындалуы бойынша механизмдер мен әрекет ету принциптерінің көптүрлілігінің ұлғаюымен, өндірістік процестердің режимдік сипаттамаларының қаталдығымен, технологиялық циклдің қысқаруымен, өңдеу дәлдігін жоғарылатумен қатар жүреді. Бұл жағдайларда энергияны алып жүруші ретінде электр энергиясының артықшылығы, оның өзіне тән қасиеттері бойынша жоғары өндірістік еңбек құралдарын және осы техникалық прогресті қамтамасыз ететін жаңа технологиялар жасау мәселелеріне толық сәйкес келеді. Электр энергиясының бірден-бір негізгі тұтынушылары - электр жетегі – машинаның жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіретін және оның технологиялық процесін басқаратын электр механикалық құрылғы. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі технологиялық процестердің көпшілігі электр механикалық түрлендіру көмегімен алынатын механикалық энергияның көмегімен іске асады. Энергияны электр механикалық түрлендіру жүйесінің, электр жетегінің кемелдену нәтижесі қоғамдық өндірістің тиімділігімен байланысты. Кемелденген электр жетегін жасау электр механикалық құрылғыны және технологиялық процестің ерекшелігін есепке алып оның басқару жүйесін, машина жұмысының шарттары мен осы процесте әрекет ететін оның бөлек механизмдерін таңдау бойынша принциптік шешімдерді қабылдауға негізделген. Бұл технологиялық процестердің көптігімен, олардың өзара байланысуымен және олардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларына жатуымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, бір технологиялық процесте көптеген әртүрлі жұмысшы машиналары қатысуы мүмкін, сол сәтте бір машинаның өзі тіпті бөлек технологиялық процестерде жұмыс істеуі мүмкін. Келісілген жұмысшы бөліктері бар механикалық құрылғы ретінде анықталатын, энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіру үшін белгілі бір мақсатқа бағытталған қозғалыстарды орындайтын машиналар атқаратын функцияларының түрі бойынша энергияны түрлендіру үшін алдын-ала тағайындалған энергетикалық (мысалы, электр қозғалтқыштары, электр генераторлары, турбиналар, және т.б.) және еңбек өнімінің пішінін, қасиетін, күйін өзгертуді немесе ақпаратты жинау, қайта өңдеу және қолдануды орындайтын жұмысшы болып екіге бөлінеді. Жұмысшы машиналарға технологиялық машиналар – құралдар (металл кесуші станок типтері, ауыл шаруашылық, тігін, құрылыс машиналары) жатады.


энергия түрлерін энергияға түрлендірудің ықтимал әдістері

Біздің заманымызда қоғамдық өндірістік күштер дамуының ең басты көрсеткіші – өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергияны тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл - энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процесстар саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз. Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орны көп емес, отын жіне гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын көп мөлшерін жинап сақтау (консервілеу) қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.

...

Скачать:   txt (53 Kb)   pdf (230.1 Kb)   docx (26.7 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club