Болашакка көзкарас
Автор: Нурила Булантаева • Ноябрь 17, 2021 • Эссе • 599 Слов (3 Страниц) • 393 Просмотры
Эссе авторы: Булантаева Нурила
БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС
Қазақстан – тарихи тағылымы терең, қайталанбас сұлу табиғаты бар, ел дамуының өзіндік даму бағдары бар мемлекет. Қазақстанның алға қойған армандары мен мақсаты айқын, бағдары белгілі. Еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды көздейді. Мақсат-мұратымызға жету үшін еліміздің алдында ауқымды жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Қазақстандық жаңғыру үрдісі Батыстық жаңғыру жүйесінен бірнеше ерекшеліктері бар. «Рухани жаңғырудың» өзіндік артықшылықтарының болуының өзі заңдылық, себебі Қазақ елі тереңнен бастау алған тарихы бар, өзіндік «рухани коды», ұлттық дара идентификациясы бар ел. Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алып, ұрпақтар сабақтастығы үйлесімді жарасқан жағдайда нысанаға дөп басып, жобаның толықтай жүзеге асатынына көз жеткізуге болады. Ол үшін еліміздің әрбір тұрғыны, болашақтың бастауыы – жастарымыз әр қадамын нық басып, келешекке сенімді көзқараспен қарап алға басу керек. Қазіргі заманда жеке адам ғана емес, тұтас халық болып бірігіп, бірлігіміз жарасып, қажырлана еңбек етіп, бәсекеге қабілетті бола алсақ, міне осы – табысқа жеткізер тетіктердің бірі осы болмақ. Ол үшін ел азаматтары медиа-сауаттылық, ақпаратты сұрыптай алу, компьютерді меңгеру, шет тілдерін білу, кәсіби тұрғыдан жетілуге бейім, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары қажет.
Елімізде орын алып жатқан өзгерістер тек технологиялық тұрғыда жүзеге сып қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық ой-сананы да өзгертуге, жандандыруа бағытталуы тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының ережелері негізінде әзірленегні белгілі. Онда ұлттың жаңа тарихи кезеңдегі басты мақсаты – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру белгіленгенң де баршамызға аян. Бағдарлама осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жобаны қамтиды.
Қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жобасы тілдің дамуына тың серпін беріп, оны әлемдік кеңістікке кіріктіру, азаматтарды тілді меңгеруге қызығушылық пен ынталандыру мақсатында жасалған. Латын графикасына толық көшу 2025 жылға жоспарланған: осы уақыттан бастап барлық жазбаша сөйлеу – баспа басылымдарындағы жарияланымдардан бастап іс қағаздарын жүргізуге дейін – латын тілінде болады.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын атап өтпесек болмас. Бұл жоба өскелең ұрпаққа білім мен тәжірибені жеткізу, білім сапасын арттыруға бағытталған. Жан-жақты даму үшінғ кәсіби құзіреттілікті арттырыпғ мықты маман, өз ісінің шебері болып қалыптасу үшін әлемде бар тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология бойынша 100 үздік оқулық таңдалып, қазақ тіліне аударылды. Ол кітаптарды QR код арқылы жүктеп алып, кез-келген жерде оқып, білім нәрімен сусындап, қажетті мағлұматтарды меңгере аламыз. Бұл бағдарламаның әсерінің нәтижесінде отандық ЖОО түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі артуы керек.
...