Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік қызметтің мәні мен маңызы

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Контрольная работа  •  7,527 Слов (31 Страниц)  •  1,241 Просмотры

Страница 1 из 31

1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1.Кәсіпкерлік қызметтің мәні мен маңызы

        Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: өндірістік, коммерциялық және қаржылық. Өндірістік кәсіпкерлікте кәсіпкер өнім өндіру, қызмет көрсетумен  (жұмыс орындаумен) тікелей айналысады. Яғни, өндіріс функциясы  кәсіпкерлер үшін негізгі болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерлікте тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары анықтаушы роль атқарады. Ал, қаржылық кәсіпкерлікте бағалы қағаздарды өндіруші ретінде орын алады, яғни, белгілі бір жағдайлар мен  шарттарда қаржылық тауар ретінде оларды сатады, орналастырады. [1]

 Кәсіпкерлік қызметіне әсер ететін факторлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:

  • қоғамдағы саяси жағдай;
  • ел экономикасының ахуалы;
  •  салық пен қаржы-несие саясатын жүзеге асыру механизмдері;
  • кәсіпкерлікті қолдаудаң шаралары;
  • халықтың өмір сүру деңгейі;
  • кәсіпкерліктің өркениеттілік дәрежесі.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі, оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін 3 факторлық жағдайды ескеру қажет:

  • кәсіпкерліктің құқығын қорғайтын жүйе жасау;
  • тексеруші орындардың санын азайту;
  • рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстардың алудың қиындығы. Себебі, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес жоспар жоқ. Осы себептерден банктерде шағын бизнестерді қаржыландыруға асықпайды.

Кәсіпкерлердң банктерден несие алудан бас тарту себептері:

  • пайыздық өсімнің жоғары болуы,
  • кепілдік талаптың тым қатал болуы;
  • ақпараттың жетіспеушілігі;
  • несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;
  • банктердің кәсіпкерлерден аумақтық алшақтығы.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке тоқталар болсақ, банктік нормативтер де бұл бизнесті қаржыландыруға ынталандырмайды. Банк коммерциялық құрылым болғандықтан, оның басты мақсаты – табыс табу болғандықтан, ол кіші жобалармен жұмыс істеуге бейімделмеген. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орын, кафе ашу, тазалау орындарын ашу сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

Жалпы кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін несиелердің жаңа схемаларына көшіп, инвистициялық климатты дамыта отырып,  шағын бизенспен тікелей қызмет ететін, оның мұқтаждарын түсіндіретін қаржы институт құру мәселелері қарастырылса деген ұсыныстар бар.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізетін факторлар да бар. Бұндай неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілардің  өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жергілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметін әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілер бойынша түрлері қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрылтайшылар құрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстық деңгейі мен өсу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі. \14,39б\

 Меншік формасына келетін болсақ, нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:

  • мемлекеттік;
  • жеке меншік формаларында дамып келеді.

Жеке меншік:

  • индивидуалды;
  • ұжымдық  формаларында көрініс табады.

Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:

  • заңды;
  • заңсыз;
  • алдамшы болып бөлінеді.

Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп көрейік. Бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін құрылған коммерциялық ұйым.

Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:

...

Скачать:   txt (113.1 Kb)   pdf (341.8 Kb)   docx (83.2 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club