Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инновациялық трансформация

Автор:   •  Февраль 11, 2020  •  Статья  •  1,246 Слов (5 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 5

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ – ДАМУ КЕПІЛІ

«Қазақстан – 2020» стратегиясында атап көрсетілгендей, «Ел экономикасының дамуына қол жеткізілуі жылдамдату, индустриализациялау және инфрақұрылымның дамуы негізінде іске асады». Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында «Еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құрудағы бірінші басымдылық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, екінші кешенді міндет, жаңа индустрияларды құрумен қатар, дәстүрлі базаларды, оның ішінде көлік және логистиканы дамытуға серпін беру» атап көрсетілген. Сондықтан да үкіметке «2020 жылға қарай транзиттік тасымалдаудың жылдық көлемін: контейнерлермен тасымалдайтын жүктер 7 есе – 2 млн. контейнерге, транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 млрд. долларға көбейту керектігі» нақты тапсырылған.

Қазақстанның геостратегиялық потенциялына сәйкес және көліктік инфрақұрылым жүйесін құруда ұлттық көлік-логистикалық операторы «Қазақстан теміржолы» АҚ «ҰК» елді стратегиялық модернизациялауда маңызды ұйымдастырушы құрамы болып табылады. Жаңартылған міндетті тапсырмалар және нарықтық мақсатты құрылымына сәйкес  «Қазақстан теміржолы» АҚ «ҰК» экономикалық іс-әрекет құрылымын, объектілері мен әдістерін түрлендіріп, мүдделі бағыттарын жоғарылатумен өзгертуде. Компанияның қаржылық тұрақтылығы және корпоративтік басқаруды жетілдіруі техникалық кешендер мен технологиялық процестерді жаңаландыруға ұтымды жағдайда үлкен көлемде инвестиция тартып, қарыздық қаржыларды кеңінен жұмылдыруға әрекет етуде.

«Қазақстан теміржолы» АҚ «ҰК» жаһандық талаптарға шешуші жауап ретінде компанияның бәсекелестігін жоғарылатудың стратегиясы экономикалық өсудің жаңа көздерін қарастыру мен ұзақ мерзімді дамудың бағдарын қалыптастыруда.

Еліміздің көліктік-логистикалық жүйесі мен Қазақстан Республикасының экономикалық субъектілерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету үшін, аймақтық және жаһандық нарықтағы логистикалық сервистің сапасына қажетті, нарық талап еткен қызметтердің ассортименті, және құны бойынша сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін жоюға бағытталған салалық институциялық реформа іске асырылуда.

Жоспарланған модернизациялаудың бірінші кезеңінде жылжымалы құрам айтарлықтай жаңаланған. (797 локомотив, 31884 жүк вагондары, 649 жолаушы вагондары), 2742 шақырым километр теміржол желісі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Нәтижесінде жүк тасымалдау вагондары паркінің тозуы – 25 пайызға, жолаушылар тасымалдау паркінің тозуы – 23 пайызға, локомотив паркі – 11 пайызға, магистральдық теміржолдар тармағының тозу деңгейі едәуір төмендеген.

«Қазақстан теміржолы» АҚ «ҰК» жаһандық талаптарға шешуші жауап ретінде Компанияның бәсекелестігін жоғарылатудың стратегиясын, экономикалық өсудің жаңа көздерін қарастырумен ұзақ мерзімді дамудың бағдарын қалыптастыруда келесі мақсатты интеграцияланған бағдарлама:

көлік өнімдеріне сұраныстың құрылымына тепе-тең дифференциациялау және стандарттау, инфрақұрылым тармақтарының жаңа объектілері құрылыстары бизнесін ұлғайту арқылы барынша қамтылатын сапалық менеджмент жүйесін ендіру, клиент хабардарлығы критериясы бойынша коммерциялық және технологиялық процестер реинжирингі, инновациялық көлік өнімдері бойынша жаңа нарық сегменттерін құру негіздерінде нарықтың қолданыстағы және жаңа сегменттерінде жетекші позициясына қол жеткізу және онда сақталу;

тасымалдау процесін ұйымдастыру және активтерге қызмет көрсету жүйелеріне инновацияны енгізу және реинжиринг, техникалық құжаттар, зерттеу нәтижелері, өндірістік активтердің өмірлік циклі құнын басқару жүйесіне өту арқылы операциялық қызметтің ұтымдылығын арттыру;

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (139.8 Kb)   docx (28.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club