Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек

Автор:   •  Январь 11, 2019  •  Лекция  •  598 Слов (3 Страниц)  •  919 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                      Көшбасшылар  семинары

                                                                                               «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек!»

деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің  Қазақстан халқына жасаған жолдауында қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғанын, Қазақстан азаматтарының  үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс екендігін атап көрсетті.      

         Қазіргі таңда адамзат өркениетінің ақпараттық түріне айналу барысында қоғам мамандардың тұлғалық-кәсіби дамуына жоғары және жаңа сапалы талаптар қоюда. Ал осы мәселелерді шешу жолында білім беру жүйесі - әлеуметтік әрекет саласы ретінде басқаларды озып алда келеді. Сондықтан,  басқа әлеуметтендіру орталықтарына қарағанда технологиялық тұрғыдан ең тиімдісі білім беру жүйесі болып саналады.          

        Осы мақсатқа жетудің баспалдағы ретінде ауданымыздағы «№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ базасында  желтоқсан айының 3-і күні  «Жетекші мектептердің ұйымдастыруымен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің шеберлік сыныптары» тақырыбымен аудандық семинары өтіп, оған аудан мектептерінің І,ІІ,ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдері және тәлім алушылар қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Кездесудің басты мақсаты -

деңгейлік бағдарламаның жаңа әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу негізінде тәжірибе алмасу.

       Семинар барысында «№2 жалпы білім беру орта мектебі»  және «№6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ – лерінің І, ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері тренингтер, ашық сабақтар, коучингтер, шеберлік сыныптарын өткізді. Әрбір өткізілген шара тақырыптық, әдістемелік маңыздылығымен ерекшеленді.

        Семинарға қатысушы аудан мұғалімдерінің арасында жағымды психологиялық ахуал, жылы атмосфера орнату мақсатында №2 орта мектеп директоры, деңгейлік курс тыңдаушысы  Қ.Әділбекова танысу тренингін өткізді. Тренингтен ерекше көңіл – күймен шыққан семинар қатысушылары жоспарланған сабақтарға қатысып, қажетті ақпараттармен, тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасты.  Сонымен қатар,   №2 орта мектептен Көпбаева Света (коучинг), Мыжыкова Ольга, Нұғманова Гүлнар (ашық сабақ), № 6 орта мектептен   Тлеуова Джемаль (коучинг), Сисенғалиева Злиха (шеберлік сыныбы),  Нұрханова Света (ашық сабақ) өздерінің әдістемелік шеберліктерін көрсетті.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (128.4 Kb)   docx (47.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club