Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аймақта еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіру

Автор:   •  Ноябрь 22, 2022  •  Доклад  •  3,067 Слов (13 Страниц)  •  130 Просмотры

Страница 1 из 13

Құрметті Мемлекеттік аттестация комиссия төрағасы және мүшелері!

Сіздерге ұсынылып отырған жұмыстың тақырыбы «Аймақта еңбек  ресурстарын басқаруды жетілдіру» деп аталады.

жұмыстың зерттеу объектісі болып Жамбыл облысының еңбек нарығы мен ондағы болып жатқан экономикалық құбылыстар табылады.

зерттеудің мақсаты еңбек нарығының мәнін, оның түрлері мен атқаратын қызметін теориялық-әдістемелік негіздеу және жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру үшін тәжірибелік нұсқаулар ұсыну болып табылады.

Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың алдындағы атқарылатын басты міндеттер аймақ экономикасында қол жеткізген нәтижелерді сақтап қалу, өнеркәсіп үрдістерін тұрақтандыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты кәсіпорындардан жұмыстан шығып қалған жұмысшыларды әлеуметтік қорғау болып табылды.

Еңбек рыногында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеу нарық қатынасына өтудегі қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі.

Еңбек рыногында сауда-саттық объектісі болып арнайы тауар адамның еңбек күші табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бұл тауар сатылуы мүмкін,  бірақ,  белгілі бір себептерге байланысты сатып алушы табылмауы да мүмкін,  сондықтан оның иесі,  яғни әлеуметтік статусы бойынша жалдамалы жұмыскер,  жұмыс табуы да мүмкін,  таппауы да мүмкін,  немесе жұмыссыз болуы мүмкін.

Осыған байланысты нарықтық қатынастар жағдайында жергілікті жерлердегі жұмыссыздықтың себеп-салдарын алдын-алудың және жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын іздестіру аса маңызға ие болып отыр.

Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады:

1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;

2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;

3) ынталандыру қызметі бәсекеге  қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

СЛАЙД 1

Кез-келген аймақты тұрғылықты аймақ ретінде қалыптастыратын халық. Сондықтан да, біріншіден халық санын сипаттайтын демографиялық  және миграциялық көрсеткіштеріне талдау жасаймыз. Төменде берілген 3 кестеден соңғы үш жылдағы Жамбыл облысында қалыптасқан демографиялық және миграциялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштерді көруге болады.

Кесте 1 - Облыстағы негізгі демографиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2006

2007

2008

өзгеру қарқыны

2007/ 2006

2008/ 2007

(+;-)

(%)

(+;-)

(%)

Халық саны, барлығы,жыл соңына, мың.адам

1009,2

1018,8

1031,1

9,6

101

12,3

101,2

қалалық

454,0

427,0

432,4

-27

94,1

5,4

101,3

ауылдық

555,2

591,8

598,7

36,6

106,6

6,9

101,2

Жалпы халық саны жас шамасы-на қарай: еңбекке жарамдыдан жас

303,7

307,4

312,8

3,7

101,2

5,4

101,8

еңбекке жарамды

619,1

624,6

629,9

5,5

100,9

5,3

100,8

еңбекке жарамдыдан үлкен

86,4

86,8

88,4

0,4

100,5

1,6

101,8

1000  халыққа шаққанда :

туылғандар

23,73

25,15

27,39

1,42

106

2,24

108,9

өлгендер

8,80

8,73

8,55

-0,07

99,2

-0,18

97,9

оның ішінде сәбилер (1000 туғанға)

13,42

13,87

22,92

0,45

103,4

9,05

165,2

табиғи өсім

14,93

16,42

18,84

1,49

110

2,42

114,7

некеге тұрғандар

9,38

9,90

8,64

0,52

105,5

-1,26

87,3

ажырасқандар

1,51

1,58

1,47

0,07

104,6

-0,11

93

Көші-қон

-6,8

-6,9

-6,8

0,1

101,5

-0,1

98,6

...

Скачать:   txt (43.2 Kb)   pdf (183.4 Kb)   docx (60 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club