Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің қазіргі кездегі мәселелері мен жетілдіру бағыттары

Автор:   •  Март 14, 2018  •  Курсовая работа  •  10,891 Слов (44 Страниц)  •  1,118 Просмотры

Страница 1 из 44

Мазмұны

Кіріспе

9

1

 Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің мәні мен ерекшелігі

ш

1.1

Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің экономикалық мәні

11

1.2

1.3

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары

15

21

2

ҚР-дағы Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жағдайын талдау

2.1

Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің қазіргі жағдайын  талдау

25

2.2

Шағын кәсіпкерлікті «Даму» қоры бағдарламасы негізінде несиелендіруді талдау

31

3

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің қазіргі кездегі мәселелері мен жетілдіру бағыттары

3.1

«Даму» қоры бағдарламасының қызметі мен міндеттері және шағын кәсіпкерлікті несиелендіруді жетілдіру жолдары 

38

Қорытынды

42

Қолданылған әдебиеттер тізімі

45

        

Кіріспе.

        Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

        Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады.  Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелендіруді  дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде  шағын кәсіпкерліктің  даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің өзектілігі - бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі.        Шағын кәсіпкерлік, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.

        Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi,  қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын кәсіпкерлікті дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда.

Кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн несиелендіруі керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.

...

Скачать:   txt (144.2 Kb)   pdf (847.2 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club