Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуекелділікті басқару стратегиясы және оларға әсер етуші факторлар

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Курсовая работа  •  5,548 Слов (23 Страниц)  •  981 Просмотры

Страница 1 из 23

Жоспар

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І. Тәуекелділік маңызы және олардың жіктелуі

1.1. Тәуекелдің  теориялық аспектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4

1.2. Тәуекелдердің жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1.3. Тәуекелділік түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10

ІІ. Тәуекелділікті басқару және оларды азайту тәсілдері

2.1. Тәуекелділікті басқару әдістері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14

2.2. Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

ІІІ. Тәуекелділікті басқару стратегиясы және оларға әсер етуші факторлар

3.1. Тәуекелділікті басқару әдісіне талдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31  

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы-тәуекелділікті басқару стратегиясы. Курстық жұмыстың мақсаты- пайда болған тәуекелге объективті баға беру.

Курстық жұмыстың негізгі  міндеті –тәуекелдердің маңызын ашу, тәуекелдердің түрлерін, тәуекел түсінігін зерделеу, тәуекелдердің пайда болуына әсер ететін тәуекелдер мен факторлардың күрделі сипатын ашып көрсету, тәуекелдерді басқару мәселелерін қарау, оқу материалдарындағы тәуекелдер бойынша теориялық ережелерді көрсету, дұрыс шешімдерді қабылдамау қаупін азайту және де патенциалды негативті салдарды азайту, банктік қызмет көрсетудің мәселелерін кешенді әрі құрылымдық түрде ашу. Бұл банктің индустрия жүйесін оқып-білудің процесін біршама деңгейде оңайлатады. Табыстылық пен қауіпсіздік, тәуекелді минималдау, ысыраптарды төмендету, тәуекелдерді болжау және олардың мөлшерін анықтау, тәуекелдерді болдырмаудың шарттарын қарастыру, өтімділіктің қарым-қатынасын қолдау тәуекелінің деңгейі банктің динамикалық өзгеруіне байланысты әрдайым өзгертуге болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі-Қазақстан Республикасындағы банк тәуекелдерінің жоғары ливиридж аумағында жұмыс істеуін анықтау, тәуекелдерді басқару және  де  экономикалық қатынастарды қадағалау, елдегі саяси экономикалық климаттың қызметі әсерінен болатын тәуекелдердің алдын алу.

Мұның бәрі банктің банк тәуекелдерін басқарудың өз стратегиясын жасауды қолдайды. Банк өзі дұрыс бағалайтын, тиімді басқара алатын тәуекелдерді басқара алу керек. Белгілі бір тәеукелдерді қабылдар алдында банк оны басқаруға және қадағалауға даяр болуы керек.

Курстық жұмысты жазу барысында заңнамалық және нормативтік актілер, экономикалық газет және журналдар, тақырыпқа арналған оқулықтар қолданылды.

І. Тәуекелділік маңызы және олардың жіктелуі

1.1. Тәуекелдің  теориялық аспектілері

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл - ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының коньюктурасы, аймақтық экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің және клиенттердің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

...

Скачать:   txt (81.1 Kb)   pdf (373.2 Kb)   docx (985.4 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club