Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелу кестесі. Топтық реагенттердің ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 10, 2020  •  Лекция  •  355 Слов (2 Страниц)  •  2,853 Просмотры

Страница 1 из 2

3- семинар. Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелу кестесі. Топтық реагенттердің ерекшеліктері. Аниондардың жіктелу кестесі.

Мақсаты: Қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелуі, топтық реагенттердің әсерін талқылау. Аниондардың жіктелу ерекшелігі.

Катиондардың аналитикалық жіктелуі аналитикалық топ катиондарына топтық реагенттердің әсері арқылы бөлінуіне негізделген. Топтық реагент иондардың қоспасына белгілі ретпен және тізбектеле әсер етеді. Топтық реагент төмендегі талаптарға сай болу керек:

1) катиондарды толығымен сандық түрде тұндыру;

2) талдауды дұрыс жүргізу үшін алынған тұнба оңай еру керек;

3) реагенттің артық мөлшері ерітіндідегі басқа иондарды анықтауда кедергі жасамауы тиіс.

Талдауда қолданылатын реагенттің түріне байланысты катиондардың жіктелуінің  мынадай тізбектері белгілі:

1) қышқылды-негізді;

2) сульфидті;

3) аммиакты-фосфатты.

Катиондардың аналитикалық жіктелуі элементтердің химиялық қасиеттеріне және Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орналасуына, олардың құрылысына, физика-химиялық мінездемелеріне тікелей байланысты. Бұл жіктелулердің барлығы аналитикалық химиядаға тәжірибелер негізінде құрылған.

Қыщқылды-негіздік тізбек металдардың хлоридтерінің, сульфаттарының, гидроксидтерінің ерігіштігіне байланысты жіктелген. Қышқылдық-негіздік жіктелу арқылы катиондар алты топқа біріктіріледі.

Катиондардың қышқылды-негіздік жіктелуі

Топтар

Катиондар

Топтық реагент

Қосылыстардың қысқаша сипаттамалары

I

NH4+, Na+, K+, Li+

Жоқ

-

II

Ag+, Pb2+, Hg22+

HCl

МСl, MCl2 қышқылдарда ерімейді (сұйыт.)

III

Ba2+, Ca2+, Sr2+

H2SO4

MSO4 қышқыл мен сілтілерде ерімейді

IV

Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+ Sn(IV), As(III,V)

NaOH артық мөлшері

M(OH)n, NaOH-ң артық мөлшерінде ериді

V

Fe2+, Fe3+, Bi3+, Mn2+, Mg2+, Sb(III,V)

NaOH

M(OH)n, NaOH-ң артық мөлшерінде ерімейді

VI

Cu2+, Hg2+, Ni2+, Co2+, Cd2+

NH3H2O артық мөлшері

M(OH)n, NH3H2O артық мөлшерінде ериді

Катиондардың сульфидтік  жіктелуі

Топтар

Катиондар

Топтық реагент

Қосылыстардың қысқаша сипаттамалары

I

NH4+, Na+, K+, Li+

Жоқ

-

II

Ba2+, Ca2+, Sr2+, Mg2+

(NH4)2CO3

(NH3 + NH4Cl, pH=9,25

Карбонаттарысуда ериді

IIIА

Al3+, Cr3+

(NH4)2S

(NH3 + NH4Cl, pH=9,25

Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ериді

IIIВ

Fe2+, Fe3+, Zn2+, Co2+, Mn2+ , Ni2+

IVA

Cu2+, Hg2+ , Cd2+ , Bi3+

 

H2S

HCl, pH=0,5

Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ерімейді

Na2S,

(NH4)2S артық мөлшерінде ериді

IVB

Sn2+, Sn (IV), Sb(III,V)

Na2S немесе

(NH4)2S

(NH3 + NH4Cl, pH=9,25

V

Ag+, Pb2+, Hg22+

HCl

Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (127.7 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club