Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атом құрылысы туралы ілімі тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің жүйесі

Автор:   •  Июль 24, 2019  •  Доклад  •  418 Слов (2 Страниц)  •  1,096 Просмотры

Страница 1 из 2

Атом құрылысы туралы ілімі тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің жүйесі.

        1.Атомның ең басты сипаттамасы – оның ядросының оң заряды болып табылады. Ол атомдағы электрондардың санын энергиялық деңгейлердің құрылысын, элементтің барлық қасиеттерін және оның периодтық жүйедегі орнын анықтайды. Химиялық элементтердің қасиеттері, сондай –ақ элементтердің қосылыстарының қасиеттері мен пішіні олардың атомдарының ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.

             Атомдардың құрылыс теориясы элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндірді. Атом ядросы зарядтарының 1 ден 109 ға дейін артуы сыртқы энергетикалық деңгейдің құрылысының периодты қайталануымен жүреді. Элементтердің қасиеттері сыртқы деңгейдегі электрондардың санына тәуелді, сондықтан олар периодты түрде қайталанады.

             Атомдардың құрылысы туралы ілім Д. И. Менделеевтің элементтерді біріңғай жеті периодқа бөлуін негіздеді. Периодтың нөмірі атомдағы энергетикалық деңгейдің санына сәйкес келеді. Бірінші деңгейде 2 электрон болады, сондықтан I периодта екі элемент – H және He бар.  II және  III периодтарда 8аралықта жаңа элементтер – Жерде де, ғарышта да ашылмайтынын дәлелдейді. Бұл ғарыштық зерттеулер нәтижесі бойынша жасалған талдаулармен дәлелденген: онда тек перниодтық жүйедегі элементтер ғана анықталған. Бірақ ол әлі аяқталған жоқ.

        2. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы – табиғаттың ең маңызды заңдарының бірі. Ол қазіргі химияны жасауда басты рөл атқарды, оны біріңғай, біртұтас ғылым етті. Д. И. Менделеев заңы негізінде оның кестесіндегі барлық бос торлар толтырылды,сонымен бірге жаңа элементтер ашылды. Периодтық заң философияда да үлкен рөл атқарды.: ол табиғат дамуының жалпы заңдарын дәлелдеді ( терісті теріске шығару, қарама – қайшылықтардың күресі мен бірлігі, санның сапаға ауысуы ) әрі бейнелеп берді.

             Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесін ескере отырып, жаңа жасанды және синтездік материалдарды, құймаларды, қасиеті берілген заттарды алу, ядролық энергияны алужөнінде ғылыми зерттеулер жүргізілуде, Жер қыртысы, ғарыштық объектілер зерттелуде.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (63.6 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club