Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамзаттың өндірістік қызметіндегі химиялық өндіріс

Автор:   •  Апрель 5, 2021  •  Лекция  •  597 Слов (3 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 3

1 Дәріс. Адамзаттың өндірістік қызметіндегі химиялық өндіріс

1. Адамзаттың өндірістік қызметі мен планетаның ресурстары.

2. Антропогендік қызметке қоршаған ортаның реакциясы.

3. Биосфера және оның дамуы.

  1. Адамдардың өндірістік қызметі және планетаның ресурстары

Адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың бірінші көзі – табиғат. Ол оның тіршілік ету ортасын – қоршаған ортаны да көрсетеді. Адам қоршаған ортамен үздіксіз түрде зат, энергия және ақпарат алмасу жағдайында өмір сүреді және дамиды. Қоршаған ортада табиғи материалдық денелер мен үрдістерді, адаммен жасалған материалдық объектілерді және оның қызметінен туындаған үрдістер мен құбылыстарды, адамның тіршілік етуінің оған тән әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қамтитын табиғи ортаны бөліп көрсетеді.  

Қоршаған орта физикалық және әлеуметтік-экономикалық құрауыштардан тұрады. Физикалық құрауыштар табиғи және техногенді болып бөлінеді.

Қоршаған ортаның маңызды табиғи құрауыштарына келесілер жатады: өндірістің мақсаттылығы мен оған жұмсалатын еңбек шығындарының көлемін айқындайтын аймақтың географиялық орны; энергетикалық ресурстар, яғни өндіріс орны мен әдісін таңдауға ықпал ететін қазбалы отын, өзен ағындарының қорларын бөлу; өндірістің түрі тәуелді болатын беткі қабат құрылғысы мен климат; аймақтың дамуы мен тұрмыстық жағдайын едәуір дәрежеде айқындайтын су ресурстары; ауа, өндірістің шоғырлану зонасындағы атмосфера-лық бассейндердің ластану мәселесі; жер қыртысы, оның сапасы халықтың тығыздығына, адамзат өркениетінің дамуы мен бөлінуіне әсер етеді; су, атмосфералық және азық-түлік балансының сақталуына ықпал ететін флора және фауна. Сонымен қатар, қоршаған ортаның табиғи құрауыштарына адамның өмірі мен қызметіне елеулі ықпал ететін табиғаттағы әр түрлі үрдістер мен құбылыстар жатады: геологиялық (жер сілкінісі, вулкандық қызмет); атмосфералық (құйындар, құрғақшылықтар); гидросфералық (су тасқыны, цунами); биосфералық (әр түрлі организмдердің ықпалы, эпидемия).

Еңбек үрдісінде және белгілі бір мақсатқа бағытталған қызметте адаммен жасалған физикалық (техногенді) құрауыштарға мыналар жатады: жасанды материалды денелер, синтетикалық материалдар және әр түрлі міндеті бар өнімдер, тұрғын-үйлік және өндірістік ғимараттар, киімдер және әр түрлі тұрмыстық заттар, байланыс және көлік құралдары, сонымен қатар, қоршаған ортаға шығарылатын химиялық заттар мен шулар.        

Қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық құрауыштарының болуы адамның биологиялық ғана емес, сонымен бірге, «адам – қоршаған орта» жүйесіндегі нысаны мен үлес салмағы өндіріс әдісі мен одан шығатын өндірістік қатынастарға және қоғам жағдайына тәуелді болатын әлеуметтік құбылыс екендігіне байланысты. Әлеуметтік-экономикалық құрауыштар арасында экономикалық факторларды бөліп көрсетеді, оларға: «байлық-кедейшілік» мәселесінің жағдайы, өндірістік қызмет шарттары, қоғамның білімділік деңгейі жатады.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (59.7 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club