Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электротехникалық арматура

Автор:   •  Апрель 29, 2021  •  Лекция  •  861 Слов (4 Страниц)  •  454 Просмотры

Страница 1 из 4

«Электротехникалық арматура»

Бекітемін: _______
Уақыты: ________

Сабақтың  тақырыбы: «Электротехникалық арматура» 
Сабақтың мақсаты: Тұрмыстық  электротехника жабдықтарын қауіпсіз пайдалана білуге 
үйрету.
Білімділік: Қарапайым  тұрмыстық техника құралдарын, электр бекіткіштерді жинай 
білуге үйрету.
Дамытушылық: Құралдармен жұмыс тәртібін меңгерту, шартты белгілермен жұмыс 
жасай білу, ақауларды жөндей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілік, сақтық, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдттар. Электр арматура түрлерінің көрнісі.
Пайдаланатын құралдар: Сым (провод) Штепселдік аша, Шам, Лампышылық қысқы (потрон) 
электр ажыратқыш электр-құралдары.
Пәнаралық байланысы: Физика.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.
  2. Үй тапсырмасын пысықтап, сұрау.

Оқушылар сіздер өткен сабақта электр тізбегі және оның элементтері. Электр сұлбалары деген тақырып өттіңдер. Осы тақырып бойынша сендерге сұрақтар қоямын.

[pic 1][pic 2]

1. Тоқ көздеріне қандай элементтер жатады?
2.  Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?
3.  Электр тізбегі элементтерінің шартты белгілері дегеніміз не?
4. Электр тізбегінің электр сұлбасынан айырмасы неде? 
5. Электрді тұтынушылардан қандай аспаптарды айтады?
6.  Қалта шамы қандай элементтерден тұрады?

Жаңа сабақ:
Оқушылар өнеркәсіпте, үй тұрмысында болсын қолданып жүрген көптеген машиналар, аппараттар электр қуатын пайдаланады. Олардың жұмыс істеуі үшін электр қуаты керек. Ал электр қуаты адам өмірі үшін қауіпті. Тұрмыстық электр құрылғылардың ақауларын жөндеген кезде электр қауіпіздік ережесін сақтағанымыз жөн.
Электрден зақымданудан сақтау үшін қорғаныс жабдықтары қажет. Олар резенке қолғап, резенке галош, боты, тақтай, резенке төсеніштер қажет.

[pic 3]

Электр монтаждау жұмыстарын орындауда қолданатын металл аспаптардың, Плоскогубцы бұрауыш (отвертка) кілт тағы осы сияқты құралдардың саптарына резенке түтік кигізіледі.

[pic 4]

Шеберханада электр құралдарымен жұмыс жасағанда мына ережелерді есіңе сақта.  

  1. Электр тоғы көздерін мұғалім рұқсатынсыз қоспа.
  2. Электр тізбегін құрастырғанда, электр тетікті монтаждағанда электр көзінен ажыратылғанына көзіңді жеткіз.
  3. Арнаулы электр құралдарын пайдалан.

Үй тұрмысында көп қолданатын қарапайым электротехникалық арматуралармен танысайық.
1. Лампашылық қамқы (патрон) – электр желісіне, қыздыру жарық қылу лампасын қосуға арналған. Құрылымы қысқының (патронның) қолданылуына байланысты арналған.

 

[pic 5]

2.Штепселдік аша (вилька)-желіге шырақтарды электр қыздыру аспаптарын, телевизорлар және т.б. электр қуатын тұтынушыларды қосуға арналған.

 

[pic 6]

3.Электр ажыраткыш - тұрмыстық тұтынушылардың электр тізбегін тұйықтауға және ажыратуға арналған құрылғы. Жылжымалы және қабырға шырақтарына шағын көлемді ажыратқыштар болады.

 

[pic 7]

Мына төменде көрсетілген сұлбаны қолдана отырып, электротехникалық арматураны жинақтаймыз. «Арматура» сөзі латын тілінен аударғанда «жабдық»  деген сөзді білдіреді.

Практикалық жұмыс                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         
I-топ:       
Лампышылық қысқы (патрон) – патронды бөлшектеу, сымды жалғау. Тұрқының төменгі бөлігін бұрап алың, форфор өзекті суырып алыңдар, қысқы ернемегінің жоғарғы тесігінен екі сым өткізіңдер. Сым ұшын тұзақтаңдар. Сым ұшын түйіспе бұрандаларына жалғаңдар. Лампышылық қысқыны толық жинаңдар.

[pic 8]

II-топ:
Штепсельдік аша (вилька) – тұрқысын ағытыңдар түйіспе ернемектер мен қысқыш тақтайшаны суырып шығарыңдар. Екі сымның  ұштарын тұзақтаңдар, тұзақталған сымдарды түйіспе ернемектерге жалғаңдар. Ернемекпен сымдарды ашаның тұрқына жатқызыңдар, қысқаш тақтайшамен бекітіңдер. Штепсел ашасы тұрқының екінші жартысына бекітіп толық жинаңдар.

[pic 9]

ІІІ топ:
Ажратқыш-қақпақты ашың. Екі сымның ұшы аршылып, сым ұштары тұзақталады немесе (тұзақталмайды.) Тұзақталған сымдарды бұрандаға жалғайды (немесе бұранда астына қыстырады) бұранданы қатты бекітеді. Электр ажыратқыштың  жұмыс сұлбасы 1-ші қосылған, 2-ші ажыратылған бағытта болады.

[pic 10]

Сарамандық жұмыс барысы.
Оқушылардың жұмысын қадағалау қауіпсіздік ережелерін  сақтауын тексеру.
Оқушылардың құрастырып жинаған электор монтаждау  жұмыстарын тексеру. 
Жасаған жұмыстарын тексере отырып бағалау. 
Барлық ережені сақтай отырып, мұғалімнің өзі электр  арматураларын  тізбесін жалғап, тоқ көзіне қосып көрсетеді.

Сабақты қорытындылау:
Сабақты бекіту:

  1. Тұрмыстық электр арматура тұрқысы неліктен пластмасадан  жасалады?
  2. Электр бекітуші  бұйымдардың неше түйіспесі болады ?
  3. Электр арматура  түйіспесі қандай материалдардан жасалады?

Үй тапсырмасы: Электр тарауын қайталау.
Сынып кезекшісі пайдаланған  құралдармен - жабдықты жинақтап,  мұғалімге тапсырады.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (328.7 Kb)   docx (289.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club