Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Коммуникации"

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Курс лекций  •  7,351 Слов (30 Страниц)  •  501 Просмотры

Страница 1 из 30


1 билет.Коммуникативтік дағдылар туралы түсінік

Коммуникативті дағдылар-дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен(адамдармен,науқаспен,әріптестермен т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып,медициналық  жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

“Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы

        Коммуникативтік дағдылар дегеніміз-парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.  Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдармен үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.

2билет

Дәрігердің кәсіби іс-әрекетіндегі коммуникативті дағдылардың маңызы

 -Дәрігердің өзін қоршаған ортасында жемісті қызмет атқару үшін қажетті тұлға аралық және кәсіби тәжірибесінің белгілі бір қалыптасқан деңгейі деп сипаттауға болады.

Коммункативті біліктілік тек адамға тиесілі қасиеттерге ғана байланысты емес,сонымен қатар қоғамда болатын өзгерістерге орай жүретін дәрігер маманның әлеуметтік өзгерістеріне байланысты.

-Коммуникативті біліктілік  бұл адамдар арасындағы дамып отыратын саналы қарым қатыныс тәжірибесі (тұлға аралық) тәжірибе,бұл тікелей адамдар арасындағы тәжірибеде қалыптасып,дамиды

Тұлға аралық тәжірибе ұжымда,топта қалыптасып,жүзеге асатын және адамның даралық жетістігі т.б

Дәрігердің  коммуникативті біліктілігінің алғашқы да,негізгі белгісі,бұл жай ғана дәрігердің жеке қасиеті емес бұл бір бірін түсінуге тырысатын адамдар санасын белгілі бір күш екеніне деген сенім.

      -Дәрігердің коммуникативті мәдениеті – дәрігерлерге белгілі бір кәсіби көзқарастар мен сенімдердің, науқасқа деген эмоционалды, жағымды қарым-қатынасының және оның тұлғалық қасиеттеріне тәуелсіз, коммуникативті дағдылар мен іскерліктер жинағының болуын талап етеді.

Дәрігердің коммуникативті біліктілігі қалай көрінеді

-Интеракцияның жағымды бағыттылығында;

-Эмпатия мен өзіндік бағалау деңгейінің жоғарылығында;

-Басқа адамға деген қарым-қатынаста өзара әрекеттесудің белсенді қатысушысы ретінде, құндылық ретінде қараудан көрінеді.

Психикалық үрдістердің мына түрлері болады:
• Танымдық
• Эмоцианалды
• Еріктік

Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы

Таным процестері жеке адамның жан дүниесінде ішкі өміріне байланысты адамның психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады.

Танымдық үрдістің түрлері Зейін,Ойлау,Қабылдау ,Түйсік,Сөйлеу,Қиял,Ес.

Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса, соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып табылады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

...

Скачать:   txt (113.8 Kb)   pdf (265.7 Kb)   docx (50.1 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club