Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ActivInspire программасында жаңа флипчарт құру, сақтау және негізгі құралдар тақтасы арқылы қаламның селекторларын қолдану

Автор:   •  Декабрь 21, 2018  •  Практическая работа  •  1,145 Слов (5 Страниц)  •  1,945 Просмотры

Страница 1 из 5

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ActivInspire программасында  жаңа флипчарт құру, сақтау және  негізгі құралдар тақтасы арқылы  қаламның селекторларын қолдану

САБАҚ МАҚСАТЫ: Интерактивті сабақтарды өткізу барысында АСTIV тақтаны қолдануға негізделген ActivInspire программалық құрылғыны қолдана білуге үйрету.

Жаңа флипчарт құру

    Негізгі құралдар тақтасынан [pic 1] батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады.  [pic 2][pic 3]

Қалам құралын пайдалану

[pic 4]

Кез келген қиын істі бастағанда, алдымен онымен қалай жұмыс жасауға болатын ережесімен танысу қажет. Жұмыстың  көбі  негізгі құралдар тақтасы болып табылады. Өздерің байқағандай негізгі құралдар тақтасында  – бөліп алу құралын– тіктөртбұрышты шекарасы бар түссіз фон; бұл сол құралдың активті екендігін көрсетеді. Бөліп алу құралы кез келген объектіні бөліп алу үшін қолданылады. Қазір бет таза болғандықтан, Қалам құралын басып активтендіруге болады. Оны активтендіру үшін, онда бір рет шерткен жеткілікті. Енді «а» әрпін флипчарт бетінде жаз. [pic 5]

[pic 6]

Қаламның түсі және оның ұшының қалыңдығы [pic 7]

Негізгі құралдар тақтасында  көк түстің ерекшеленіп тұрғанын байқауға болады. Басқа түске ауыстыру үшін, сол түсті шерту жеткілікті. Қаламның ұшының қалыңдығын 6 санына басып өзгертуге болады. Енді «ә» әрпін флипчартқа жаз, жаңа баптау іске қосылғанын көру үшін.

 [pic 8]

[pic 9]

Қаламның селекторларын қолдану

Қаламның үстінде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде қаламның селекторы іске қосылады. Бұл қаламның ұшын әр түрлі қолданудың әдістерін көрсетеді.  Бір түрін қолданып «с» әрпін жазуға болады. [pic 10]

Бірнеше объектілерді таңдау және редакторлеу

Бөліп алу батырмасының көмегімен барлық үш әріпті бөліп ал. Қалай шертіп және орналастыруға болады:

1. Таңдап алынған объектінің жоғарғы сол жақ шетіне шерт. [pic 11]

2. Объектінің оң жақ төменгі бұрышында ACTIVpen – нің ұшымен шерт.

3. Әріптің  айналасында төртбұрыштар пайда болады. Бұл төртбұрыштар  объектінің бөлініп алынғандығын көрсетеді. Кез келген басқа түс және қаламның ұшының қалыңдығын  таңдағанда келесі әріптердің бәрі бірдей өзгереді.

Болдырмау құралын қолдану

ACTIVstudio бағдарламасында қате жіберіп алсаң, алаңдаудың қажеті жоқ, себебі олардың бәрін де алып тастауға болады.  Болдырмау құралын бір рет шертіп, соңғы орындалған әрекеттерді алып тастауға болады. Әрбір шерткен сайын орындалған әрекеттер өшіріле бастайды.  Осы әрекет флипчарттың алғашқы ашылған бетіне дейінгі әрекеттерді алып тастайды.[pic 12]

Қайтару құралын қолдану

Қайтару құралы, болдырмау құралымен орындалған әрекеттерді қалпына келтіреді. [pic 13]

Осы құралдардың көмегімен бірнеше әрекеттер орындаңдар.

Тазалау құралын қолдану

Терезені тазалаудың басқа да амалдары бар. Тазалау батырмасын басып, пайда болған қосымша терезеден бетті тазалау жолын таңда. Бұл экранды тазалаудың тез және ең оңай амалы. Ал қосымша терезенің басқа нұсқалары флипчарт бетіндегі нақты элементтерді өшіру үшін қолданылады. [pic 14]

Өшіргіш құралын қолдану

Енді қаламның қалыңдығын 8-ге қойып, түстер палитрасынан көк түсті алып «abc» әріптерін флипчарт бетінде жазыңдар. Өшіргіш құралы флипчарт бетіндегі объектілерді жасыру үшін қолданылады. Өшіргіш құралының да қаламның қалыңдығына ұқсас  өзіне тән нақты қалыңдығы  болады.  Өшіргіш құралын алып, оның қалыңдығын 20-ға қойып, қаламды пайдаланғандай, қолданып «а» әрпін өшіріңдер. Егер де өшіргіштің қалыңдығын 50-ге үлкейтсеңдер, онда бірден беттің үлкен аумағын өшіруге болады. Енді  «с» әрпін өшіріңдер.[pic 15][pic 16][pic 17]

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (433.5 Kb)   docx (492.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club