Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқу процесінде компьютерлік технологияларды пайдаланып оқыту

Автор:   •  Октябрь 9, 2019  •  Реферат  •  2,621 Слов (11 Страниц)  •  529 Просмотры

Страница 1 из 11

Кіріспе

Елімізде білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процессін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, компьютерлік оқыту жүйелері, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

Білім беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түріндегі компьютерлік пакеттерді құру шарттарында ғана орындалуы мүмкін.

Компьютерлік оқыту жүйелерінің бір формасы оқытушы программалар болып табылады. Оқытушы программалар деп оқушының өзбетінше жұмысына арнап тағайындалған ерекше оқу құралын айтады.

Олар оқушылардың жұмысын жекелендіре отырып және өздерінің танымдық іс-әрекетін өздері басқаруына мүмкіндік бере отырып ең жоғарғы белсенділік танытуға мүмкіндік жасауы керек. Оқытушы бағдарлама өз бетімен білім алу режимінде және оқытушы білім алушы үшін қарапайым нұсқаушыдан кеңесшіге ауысатын режимде де үйренушіні тиімді біліммен қамтамасыз етуі керек. Бұл айтылғандардан оқытушы бағдарлама үздіксіз, әр қадам бойынша білім беру режимін қамтамасыз етуі керектігі шығады. Білім беру белгілі бір тарау, бөлім немесе тақырып бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Курстың әрбір мәтіндік үзіндісі практикалық жаттығулар және бақылау-тестілеу сабақтарымен жалғасуы керек.

Бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Осыған орай, көкейтесті мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкіндіктерінің даму есебінде білім берудің жаңа компьютерлік әдістерін өңдеу болып отыр. Әдетте компьютерлік программаларды кәсіпті программистер жазады, сәйкесінше олар оның дидактикалық жағына үлкен мән бермейді. Ендеше мектеп курсына арналған оқытушы программаларды құрудың дидактикалық, әдістемелік және технологиялық жақтарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды анықтайды

Зерттеу объектісі – оқу процесінде компьютерлік технологияларды пайдаланып оқыту.

Зерттеу пәні – компьютерлік технологияның бір бағыты болып табылатын программаларды оқыту жолдары, оларға қойылатын талаптар, оларды өңдеуге арналған программалық құралдар.

Ғылыми жұмысымның мақсаты:

1. PowerPoint бағдарламасында 5 сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша электрондық оқулықты құру.

2. PowerPoint бағдарламасының ерекшеліктерін практикалық қолданыс табу көзқарасында талдай отырып, оларды өңдеудің және компьютерлік өнім құру мысалында жүзеге асыру. Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер туады:

 ЭО жасау мен пайдалану ерекшеліктеріне талдау жасау;

 PowerPoint бағдарламасында объектілерді, дыбысты, гиперсілтемені қоюды үйрену;

 Қазақ тілі пәні бойынша электрондық оқулықты жасауды оқыту үдерісінің моделін жасау;

 Қазақ тілі пәні бойынша ЭО жасау мен пайдалануды оқытудың мақсаттарын, мазмұның және әдістерін анықтау;

 Тапсырмаларды орындау әдістемесін жасау, бақылау сұрақтар ұйымдастыру ;

 Жинақталған деректер негізінде оқытушы бағдарлама құру.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

Электронды оқулықты жасау мен пайдалануға қажеттілігі негізделді;

Электронды оқулықты бірізді жасап, пайдалану үшін қазақ тілі пәні бойынша оқу материалдарының мазмұнындағы иерархиялық құрылымдарды бөліп алу қажеттігі мен мүмкіндігі туралы қағидалар негізінде электрондық оқулықты

...

Скачать:   txt (31.5 Kb)   pdf (71.1 Kb)   docx (18.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club