Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тест по "Логистике"

Автор:   •  Ноябрь 22, 2022  •  Тест  •  9,894 Слов (40 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 40

Логистика және көлік академиясы «ТҰКП»кафедрасы

№1 Аралық бақылау

Нұсқа №1

1.Біртұтас көлік жүйесі (БКЖ) дегеніміз?

  1. жылжымалы құрамның қозғалысына, жүк және жолаушы тасымалына арнап жабдықталған автокөлік жолдары, темір жолдар және су жолдары, әуе желілері, құбырлар, бір рельсті және аспа жолдар, арнйы магистральдар.
  2. жылжымалы құрамдар, құбырлар, контейнерлер, астаулар, біржолғы немесе көп айналымды ыдыстар.
  3. қатынас жолдары, тасымалдау құралдары, техникалық құрылғылар мен механизмдерінің, барлық көлік түрлерін басқару және байланыстыру, жайластыру құралдарының халық щаруашылығының жүк және жолаушы тасымалына мұқтаждығын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін технологиялық, техникалық, ақпараттық, құқықтық және экономикалық қатынастар жүйесімен біріктірілген жиынтығы.
  4. локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, тікұшақтар, дирижальдер, автокөліктер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, көліктік тракторлар, көлік капсулалары.
  5. жүк тиеу- түсіру машиналары, конвейерлер, бункерлер, пакет қалыптастырғыш машиналар т.с.с.

2. Тасымалдау көлемі дегеніміз?

  1. тасымалдауы жоспарланған немесе тасымалданған жүк тоннасының саны.
  2. жоспарланған немесе тасымалдауға жұмсалған көліктік жұмыстың көрсеткіші.
  3. орындалған немесе жоспарланған жолаушы тасымалдау жұмысының көлемі; жолаушылар саны мен олардың жүретін жолдарының орташа қашықтығының көбейтіндісіне тең.
  4. жылжымалы құрамдар, құбырлар, контейнерлер, астаулар, біржолғы немесе көп айналымды ыдыстар.
  5. ақпаратты жинауды, сақтауды, оны қайта өңдеу мен беруді қамтамасыз ететін құрылғылар кешені.

3. Жол бұрмасы дегеніміз ?

  1. сигнал құралын және оның сигналдық көрсеткіштерін айтады.
  2.  ақпаратты жинауды, сақтауды, оны қайта өңдеу мен беруді қамтамасыз ететін құрылғылар кешені.
  3. жоспарланған немесе тасымалдауға жұмсалған көліктік жұмыстың көрсеткіші.
  4. жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне ауыстыруға арналған құрылғы.
  5. әрбір көлік бірлігі тәулік ішінде өтетін километрлер саны.

4.Басты және қабылдау – жөнелту жолаушы жолдарында қандай бағыттама бұрма қолданылады?

  1. 1/9
  2. 1/8
  3. 1/6
  4. 1/5
  5. 1/11

5.Рельстердің қандай типтері болады?

  1. Р40,Р50
  2. Р60,Р65
  3. Р65,Р50
  4. Р80,Р55
  5. Р70,Р60

6.Жер төсемінің түрлері?

  1. көпірлер, құбырлар, тоннелдер
  2.  банкет, кювет, құлама жиегі
  3. жер төсемінің жиегі, еңіс, резерв
  4. үйінді,ойық, жартылай үйінді
  5. берма, негізгі алаңша

7.Техникалық стансалар?

  1. Аралық ,телімдік,сұрыптау
  2. Озба бекеттер,айырымдар
  3. Жүк, жолаушы
  4. Сұрыптау,тартым, телімдік
  5. Аралық , жүк ,жолаушы

8.Техникалық операцияларға нелер жатады?

  1. Жүктерді қабылдау
  2. Вагондарға қызмет көрсету
  3. Жолаушы билеттерін сату, қол жүктерін қабылдау
  4. Пойыздарды қабылдау ,жөнелту,тоқтаусыз өткізу
  5. Жолаушыларды отырғызып түсіру

9.Телімдік стансалар?

  1. Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзеді.
  2. транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар жатады
  3. жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады
  4. Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар
  5. Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар  жатады

10.Аралықтағы басты жолдардың санына қарай пойыздар жүріс графигі?

  1. Парлы, парсыз
  2. Тақ,жұп
  3. Параллельді,параллельсіз
  4. Аралықтық,пакеттік,ішінара
  5. Дар,қос

11.Кезектен тыс пойыздарға:

  1. Әскері пойыздар
  2. Вагонсыз локомотивтер
  3. Қалпына келтіргіш пойыз
  4. Шаруашылық пойызы
  5. Пошта-багаж пойызы

12.1-98 бұл қандай пойыздар?

...

Скачать:   txt (141.7 Kb)   pdf (315.5 Kb)   docx (110.8 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club