Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол картасы

Автор:   •  Сентябрь 20, 2018  •  Реферат  •  967 Слов (4 Страниц)  •  938 Просмотры

Страница 1 из 4

                                                     Кіріспе

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ тереториясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км шығыстан батысқа қарай 3000 км жерге созылып жатыр. Мұндай кең байтақ алқапта жазықтар мен ойпаттар биіктігі әртүрлі таулар кездеседі.Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Демек, Қазақстанның бір жағынан Ауылшаруашылығын дамытудың болашақта пайдасы өте көп. Осы ретте айта кететін жай Қазақстанға 2008 жылы дағдарыстың келмеуі және саяси-әлеуметтік экономикалық тұрақты болуына Ауыл шаруашылығы тікелей байланысты. Себебі: нан, тамақ, ет, қысқасы азық түліктің бәрі өзімізде өндіріледі. Дүниежүзінде ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді. Қазақ елінің 7,6 млн. тұрғыны ауылда тұрады екен. Негізгі азық-түліктерді ауылдан аламыз. Қалалықтарды «асырап» отырған ауыл екенін білеміз. Ауыл шаруашылығы жерлері Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз.Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша ерекшеленеді. Егістік, суармалы егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2010 жылы барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 272490,2 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 5015,5 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды. Ескеретін жайт ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі соңғы жылдары өз мақсатында пайдаланылмай запастық қорларда саналады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлылығы мен өнімділігі төмен деңгейде. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер суармалы әдіспен игеріледі. Солтүстікке қарағанда Оңтүстік өңірдегі жерлерді игеру күрделі жұмысы ауыр және шығыны да көп болады.

     Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы

Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс.

«ҚазаАгроИнновация» АҚ Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Әбдікерім Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығы қажетті техникамен 40-60 пайыз төңірегінде қамтамасыз етілген. Олардың 80-85 пайызының әбден тозығы жеткен.

Техниканың жетіспеушілігінен егін шаруашылығындағы технологиялық операциялар толық орындалмай, қысқартылуы салдарынан агротехника талаптары бұзылып, өнімділік әр жылы 20-25 пайызға төмен болып тұр. Сондықтан ауылшаруашылық машиналарын шығару басты міндет болып тұр.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру басталғалы машина жасау саласында еңбек өнімділігі 52 пайызға артты. Мұндай деректерді «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тың сараптау тобы хабарлады. 2011 жылдың жартысында, машина жасау өнеркәсібінде өндіру және инвестиция көлемі25 пайызға көбейіп, 209 миллиардтан астам теңгені құрады. Алайда қарқынды өсуіне қарамастан, машина жасау саласының рөлі Қазақстанның экономикасында шамалы.

Жуырда ғана өткен Үкімет отырысында индустрия және жаңа технологиялар вице-президенті осы бесжылдықтағы басты мақсат-ішкі нарықтың сұранысын барынша қамтамасыз ету және ауылшаруашылық техникаларды өндіруді ынталандыру екенін мәлімдеді. Қазір осы бағытта жалпы құны 160 млрд теңгеге тең 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 2014 жылға қарай жиынтық қосылған құнның өсімі 74 пайызды құрайды, еңбек өнімділігі 2 есе артып, өндіріс көлемі 2-ден 4 млрд АҚШ долларына жететін болды.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (637.3 Kb)   docx (518.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club