Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейбіт жиналыс, митингілер мен шерулерге қатысу құқығы

Автор:   •  Декабрь 16, 2018  •  Курсовая работа  •  2,261 Слов (10 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 10

[pic 1][pic 2]

«М.С. НАРІКБАЕВ атындағы КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Конституциялық құқық ІІ пәні бойынша

ЕМТИХАН ЖОБАСЫ

Тақырыбы: Бейбіт жиналыс, митингілер мен шерулерге қатысу құқығы

Тексерген:

А.С.Бейсембеков

Дайындағандар:

Е.Қ.Ондабаев

Е.Т.Мәжіре

АСТАНА

2018

Мазмұны

Кіріспе        3

1. ҚР бейбіт жиналыстар, митингтерге шығу туралы заңдары        4

1.1. Бейбіт жиналыстар, шеру, митингілерге шығу қаншалықты маңызды?        4

1.2. Бейбіт жиналыс, митинг, шерулер туралы ҚР Заңдары        4

2. Шет елдер мен ҚР - дағы бейбіт жиналыс, митинг, шерулер        6

туралы анализ        6

2.1. РФ – дағы бейбіт жиналыс, митинг, шерулер        6

2.2. Франция мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы айырмашылықтар мен ұқсасытықтар        7

Қорытынды        9

Қолданылан әдебиеттер тізімі:        10

Кіріспе

Адам туған сәттен бастап, түрлі құқықтарға ие болады. Олар: өмір сүруге, білім алуға тағы да басқа құқықтары арқылы көрініс табады. Біз қаншалықты демократиялық мемлекетте өмір сүрсекте біздің құқықтарымыз бәрібір де шектеулі болады. Құқықты абсолютті бостандықта болады деп қарастыра алмаймыз. Оған басты себеп құқық әлсізді қорғау, қоғам арасында теңдік орнатудың басты құралдары десек қателескеніміз емес. Кез - келген мемлекеттің басты құндылықтарының бірі ол - адам және адам өмірі мен бостандықтары. Осы тұста бостандық туралы сөз болған сәтте бірден құқық есімізге түсетіні анық. Оның себебі құқық бұл адамды қоғам арасында, мемлекет ішінде еркін сезінуіндегі таптырмас құралы. Осы жерде сұрақ туындауы мүмкін адам құқығы деген не және оны біз қалай түсінеміз?

Адам құқығы - бұл конституцияда көрініс табатын маңызды құқықтық институт.  Ерте заманнан бері бастауын алып, қазірге күнде әлі де даму үстіндегі ғылымның бір саласы деуге болады. Адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің алатын орны орасан зор болып табылады және оның жұмыс істеу механизімін бақылап отыру да мемлекеттің басты міндеті десек қателескеніміз емес. Ал, осы адам құқығын қорғауда Қазақстан Республикасының алар орны қандай?

Мақсатымыз – қоғамда орын алып жатқан заңды түсінбеушілік пен ұғына алмаудың аражігін ажыратып, ҚР Заңдарына анықтама бергіміз келеді. Осы жоба арқылы қоғамға түсіндірме жұмыстарын өткізуге қол жеткізу, Заңдарға түсіндірме беру туралы мақсаттарға қол жеткізетін боламыз.

Міндеті – қарапайым халықтың заңды түсінуіне жол ашу. Біздің тақырып бойынша ҚР заңдары мүлдем түсініксіз және ақылға қонымсыздығын көрсету арқылы жаңа жолдарды көрсету. Қазіргі тығырққа тірелген мәселелердің жолдарын көрсету, сонымен қатар әлемдік тәжірбиелерге сүйену.

Нәтиже – осы жоба арқылы халықтың кішкентай ғана бөлігіне болса да, митингтердің неге керек екенін, бейбіт жиналыстың не екенін ашып анық айтатын боламыз. Әлемдік тәжірбиеге сүйене келіп, біздің мемлекеттегі алып отырған олқылықтардың орнын толтыру.

Демократиялық еліміздегі адам құқығының қаншалықты маңызды екенін Ата Заңымыздағы тараудан да көруге болады. “Адам және азамат” атты тарауында мемлекет үшін адам бостандғының, оның құқығын қорғау, сөз бостандығының басты аспап екенін байқауға болады. ҚР азаматтары үшін сөз бостандығының қазіргі қоғамда алатын ролі өте үлкен. Бүгінгі біздің емтихан жобамыз да осы сөз бостандығы оның қолданылуы туралы десе те болады. Себебі бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулерге шығу арқылы белгілі мақсаттары бір жандардың өзінің ойын еркін жеткізуге жиналуы. Осы жұмыс та тек Қазақстан Республикасындағы ғана емес шет мемлекеттердегі бейбіт жиналыстар, шерулерге шығу құқықтары туралы, бейбіт жиналыстар, шеруге шыққан кездегі мемлекеттің алатын орны мен міндеттерін ашып көрсететін боламыз.

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (282.3 Kb)   docx (43.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club