Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастар саясатын зерттеудің теориялы-методологиялық қырлары

Автор:   •  Октябрь 11, 2020  •  Лекция  •  5,072 Слов (21 Страниц)  •  352 Просмотры

Страница 1 из 21

Дәріс № 2.

Тақырыбы:  «Жастар саясатын зерттеудің теориялы-методологиялық қырлары ».

Мақсаты: Жастардың қоғам дамуындағы рөлін аша отырып, сол саясатты зерттеудегі теориялық-әдстемелік түп деректер мен құралдарға тоқтала кету болып табылады.

Жоспар:    

  1. Жастар саясатын зерттеуге қатысты қабылданған бағдарламалар және шаралар.
  2. Жастар категориясының өзіндік ерекшелігі  және  олардың әлеуметтік мәселелерінің ара қатынасы.
  3. Жастар саясатын іске асырудың базалық қағидаттары.
  1. Жастар саясатын зерттеуге қатысты қабылданған бағдарламалар.

   1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының субъектісі ретіндегі жастардың өзіндік ерекшеліктері.  

ХХ ғасырдың басында, ғылымның даму кезеңінде тұрғындардың өмірінің сапасы да, адамдардың өмірінің ұзақтығы да мәнді артты. Бұрынғы оқушыларды орта кәсіби және жоғары кәсіби мекемелерде оқыту қажеттігі туды. Сөйтіп, жасанды түрде балалық шақтан ересек өмірге көшу жеделдетілді, оның өзі адамды әлеуметтендірумен, оның өзінің әлеуметтік рөлдерін игеруімен және өзін-өзі анықтауымен қатар жүрді.

        Бұл кезеңді өтпелі деп атау қабылданған, себебі онда адам қалыптасуды және есеюді бастан кешеді, ал адамдардың бұл категориясын жастар деп атайды. Осы кезеңде адам өміріне қажетті нормалар және ұстанымдар қалыптасады, оның саяси, әлеуметтік және экономикалық қалыптасуы орын алады, сондықтан да оны мемлекеттік жастар саясатының субъектісі ретінде қоғам өмірінің қоғамдық-саяси өміріне  тартуға  бағытталған жас адамдармен кәсіби жұмыс істеу қажеттігі пайда болады.

        Өзінің негізгі әлеуметтік қызметтерін жүзеге асыра отырып (өндірістік, инновациалық, трансляциалық), жастар әлуметтік тұрғыдан кемелденеді, қоғамдық қатынастардың субъектісі сапасында қалыптасу сатысын бастан кешеді.  Жастардың әлеуметтік сапасының мұндай көрініс табуы оның әлеуметтік жағдайының ерекшелігімен байланысты және нақты қоғамдық жағдайларда әлеуметтендіру үрдісінің заңдылықтарымен анықталады. Мұның өзі жастардың қоғам өміріне қатынасу деңгейіне және түрлеріне  әсер етпей қоймайды және оның қоғамның саяси өмірінің субъектісі ретіндегі ерекшеліктерін анықтайды. [3].

        Жастар проблемасына, сонымен бірге жас аданың қалыптасуы және дамуы ерекшеліктеріне ғалымдардың көңіл бөлуінің өзі бірқатар объективті факторларға байланысты. Біріншіден, өткен ғасырдың басында адамдардың өмір сүру ұзақтығы біршама артты, сөйтіп баланың дамуы және есею үрдісі жасанды түрде тежелді. Екіншіден, жоғарғы және ортаарнайы кәсіби мекемелерде оқып жатқан қыздар мен  жігіттердің санының артуымен жастық шақтан кемелденген жасқа өту жеделдеді, соның негізінде жаңа әлеуметтік топ «жастар» пайда болды. Осы категориядағы азаматтарды зерттеуге қатысты ізденістер Москва  гуманитарлық университеті жанында қалыптасқан ғылыми мектеп жастар соиологиясы және жастар политологиясының теориялық-методологиялық шеңберінде 40 жыл бойы жүзеге асырылып жатыр, оның негізін қалаушы И.М. Ильинский. Оның «жастар» ұғымын анықтауға қатысты концепциясы сегіз базалық ережені қамтиды.

1. Жастар — ол әрқашанда ерекше үлкен жастық топша ретінде көрініс табатын  объективті қоғамдық құбылыс. Жастар табиғатын танудың кілті болып тұтастық және бөлік диалектикасы («жастар — қоғамның бір бөлігі; жастар — қоғамның бөлшегі») есептеледі.  Жастардың әрбір қоғамдағы жас ерекшеліктеріне байланысты проблемалары мынада:

а) жастық тәуелділік  идеясымен тығыз байланысты;

б) жастардың көпшілігі (оқушылар, студенттер ж. т. б.) әлі өндіріс үрдісіне тартылмаған, сол себепті «несие есебінен өмір сүреді»;

в) Өздерінің жеке өміріне қатысты шешім қабылдауда жас адамдардың көпшілігінің жеке басының тәуелсіздігі жоқ;

г) жас адамдардың алдында еңбек қызметінің саласын, кәсіп таңдау проблемасы тұр;

д) жас адамдар рухани және құлықтық тәуелсіздікке қол жеткізу проблемаларын шешіп жатыр;

е) Олар неке таңдау және бала туу проблемасын шешіп жатыр.        

2. Жастар табиғатында  екі жақты: ол — биологиялық және әлеуметтік құбылыс, осының өзі оның психофизикалық және әлеуметтік дамуының байланысын анықтайды.

3. Жастар — нақты-тарихи құбылыс. Бұның өзі «жастарды анықтау санының нақты қоғамдардың санына тең келу мүмкіндігін көрсетеді, олардың әрқайсысы жастардың жалпы анықтамасынан шығарылады және сонымен қатар осы анықтаманы нақтылаудың негізі рөлін атқарады».

...

Скачать:   txt (66.1 Kb)   pdf (308.7 Kb)   docx (28.1 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club