Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Су күшінің қондырғыларының тегеуіріні және қуаты

Автор:   •  Ноябрь 23, 2021  •  Лекция  •  2,696 Слов (11 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 11

2 дәріс тақырыбы. Су күшінің қондырғыларының тегеуіріні және қуаты.

                      Дәріс конспектісі.

1.  Су электр стансаларында гидравликалық турбинаны пайдалану схемасы.

2. Турбинаның тегеуіріні.

3.  Насос қондырғысының пайдалану схемасы.

4. Насостың тегеуіріні.

5.  Су күшінің қондырғыларының ( турбина жәие насос) қуаты.

   Гидравликалық турбиналар су электр стансаларында  2.1 суретте көрсетілген негізгі орнықтыру схемасына сәйкес қолданылады.

Белгілі бір су көлемі жоғарғы бъефтен (ЖБ) су қабылдағыш және турбиналық қысымды құбыр      арқылы    турбинаға    (I-I кесінді) жеткізіледі  де   сол   турбинадан ағып  өтіп сорғыш   құбырдан   (В-В кесінді)   төменгі бъефке  (ТБ)    немесе  су  шығару жүйесіне ағызылады.       Бъефтердің    су       деңгейі белгілерінің       айырмасы       су       электр стансасының (СЭС) статикалық тегеуіріні Нст, м деп аталады.

                 Нст,= Ζжб -  Ζтб                 (2.1)

   Турбинаның   тегеуіріні  Н(м)   оған   кіре  берістегі судың меншікті энергиясы е1 мен        турбинадан   шыға    

[pic 1]

2.1 Сурет.СЭС турбина қондырғысының схемасы.

 берістегі      менгшікті    энергияның  ешығ  айырмасына тең болады:[pic 2]

                                                                            Н = е1 -  ешығ                 (2.2)

мұнда            

мұнда  v1 – (I –I) кесіндідегі орташа жылдамдық;

р1/ρg  анықтау  үшін  жоғарғы бъефтің  0-0  және турбинаға кіре берістің I-I кесінділерінің төменгі  бъефпен салыстырмалы Д.Бернулли теңдеуін құруымыз қажет: [pic 3]

мұнда р0/ρg  = h0;

           hкем  - су жеткізу жүйесіндегі ұзын бойында және жергілікті  (су қабылдағыштың кіре

           берісінде, турбиналық құбырдың ұзын бойында, бұрылымдарда ж.т.б.) кедергілердегі

           тегеуірін кему мөлшері, м.

           h0 + z0 = Нст екендігін ескере отырып, келесі теңдеуді құра аламыз: [pic 4]

Егер турбинадан шыға берістегі кесіндіні төменгі бъефке (2-2 кесінді) жатқызатын болсақ, онда төменгі бъефке салыстырмалы меншікті энергия ешығ келесідей болады:    [pic 5]

Қортындылай келгенде турбинаның тегеуіріні Н келесі түрде анықталады:    

Бұл тегеуірін турбина қондырғысының таза (нетто) тегеуіріні деп аталады. Статикалық тегеуірінмен Нст салыстырғанда жоғарыдағы теңдеудегі жылдамдық тегеуірінің айырмасы болымсыз (өте аз) мөлшерде болғандықтан бұл теңдеу мүшелерін есепке алмауға да болады. [pic 6]

Сонда:  Тегеуірін кему мөлшері hкем жоғарғы бъефтен турбинаға дейін су жеткізу және турбинадан кейін төменгі бъефке су шығару жүйесіндегі гидравликалық кему мөлшерлерінің қосындысы болатынын ескеру қажет.[pic 7]

    Насос қондырғысының негізгі схемасын (2.2 сурет) талдау насостың міндеті электр жүйесінен қабылданған электр энергиясын сұйықтың гидравликалық тегеуірін энергиясына айналдыру екендігін көрсетеді. Насос қондырғысы кіре берісінде сорғыш (1-1 кесінді) және шыға берісінде қысымды (2-2 кесінді) жүйелерге қосатын келте құбырлы насостың өзінен, жеткізу құбырлы    жүйе В және қысымды

құбырлы жүйе Н құрамынан тұрады.

Насос  қондырғысының  статикалық немесе  геометриялық   тегеуіріні  Нст   деп  жоғарғы бъефтің   биіктік  белгісі  мен   Ζжб     төменгі бъефтегі  су   қоймасының   биіктік    белгісі Ζтб   айырмасын,   демек   сұйықты  көтеруге қажет биіктікті айтады.    

       Нст, = Ζжб  -  Ζтб                           (2.4.)

  Егер     сұйықтар          ішінің         қысымы атмосфералық     қысымнан    артық  (бұдан былай  артықша  қысым)

2.2.Сурет  Насос қондырғысының схемасы[pic 8]

қысымы  р Па бар резервуарға   қотарылатын     болса,     онда статикалық қысым келесі түрде анықталады:                                                    

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (337.6 Kb)   docx (296.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club