Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұз-су алмасуы. Гомеостаздың реттелуі. Бүйректің су-тұз алмасуындағы ролі

Автор:   •  Апрель 30, 2021  •  Контрольная работа  •  1,835 Слов (8 Страниц)  •  1,032 Просмотры

Страница 1 из 8

Орындаған: Исмайил Әділхан

Тобы: В-ЖМҚА-08-19

№ 5 сабақ

1. Тақырыбы: Тұз-су алмасуы. Гомеостаздың реттелуі. Бүйректің су-тұз алмасуындағы ролі. Бүйрек және несеп биохимиясы. Несептің қалыпты және патологиялық жағдайдағы компоненттері .

4. Тақырыптың негізгі  мәселелері:

1. Бүйректің химиялық құрылысы, қызметтері.

Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан. Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

Бүйректің биологиялық қызметтері:

-ағзаның ішкі ортасының электролиттік құрамының тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді.(осмореттеу)

-ағзадағы сұйықтықтың көлемі мен мөлшерін реттейді.(волюмреттеу)

-ағзаның сұйықтығының қышқылды-сілтілі тепе-теңдігінің тұрақтылығын реттейді (pH реттеу)

Бүйректің нефрондарында тәулігіне шамамен 180 л сұйықтық сүзіледі және реабсорбцияланады.Зәрмен бірге ағзадан соңғы метоболиттер,минералды заттар, артық су, улы заттар және т.б. шығарылады.

2. Бүйректің су-тұз алмасуы реттелуіндегі ролі

Бүйректің ең негізгі қызметі-зәрді түзу.Зәр түзілуінің негізгі мәні гомеостазды реттеу-ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы мен су-тұзды және минералды алмасуды реттеу. Бүйрек-су-тұзды гомеостаздың нейро-гуморальды реттелуінің эфферентті бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда бүйрек :

-ағзаның ішкі ортасының электролиттік құрамының тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді.(осмореттеу)

-ағзадағы сұйықтықтың көлемі мен мөлшерін реттейді.(волюмреттеу)

-ағзаның сұйықтығының қышқылды-сілтілі тепе-теңдігінің тұрақтылығын реттейді (pH реттеу) қызметтерін атқарады.

3. Бүйректің несеп түзуші қызметі.

Зәрдің түзілуі бүйрек түйіндерінде капсуласында қан плазмасын ультрафильрациялау жолымен жүзеге асырылады,одан ары нефронның бұралаң арналары деңгейінде бастапқы зәрдің құрамындағы су және кейбір суда еріген төмен молекулярлы компоненттері қанға қайтадан сіңіріледі.Градиент концентрациясына қарсы қайта сіңірілудің негізгі қозғаушы күші – Na,K-АТФ-аза өндіретін энергия және өзгеше тасымалдаушы белоктардың қызметі болып табылады. Зәр нефрондарда жүретін үш процестің нәтижесінде түзіледі:

-Түйіндер капиллярлары арқылы қан плазмасының ультрафильтрациясы

-Проксимальды арнада,Генли ілмегінде,дистальды арнада,жинақтау ілмегінде бастапқы зәрдің іріктеу реабсорбциясы

-Проксимальды және дистальды арналардың қуысына іріктеулі секреция

Бүйректің нефрондарында тәулігіне шамамен 180 л сұйықтық сүзіледі және реабсорбцияланады.Егер ағзада шамамен 45л солатынын ескерсек, осы сұйықтық тәулігіне 4 рет сүзіледі және қайта сіңіріледі. Осының барлығы зәрдің түзілуіне әкеледі,оның құрамында суда еріген түрде болатын заттар алмасуының соңғы өнімдері және минералды қосылыстар бар. Зәрмен бірге ағзадан соңғы метоболиттер, мингералды заттар,артық су, улы заттар және т.б. шығарылады.

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (114.5 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club