Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Сентябрь 11, 2020  •  Контрольная работа  •  281 Слов (2 Страниц)  •  343 Просмотры

Страница 1 из 2

II.1-2 жағдаяттық тапсырма

Кессонды жұмыстармен айналысатын жұмысшы Р. декомпрессия кезінде терісінің қышып, көруінің нашарлауын және аяқ бұлшық еттерінің солқылдап ауырғанын сезді. Декомпрессиядан кейін, бірденнен оң қабырға астында күшті ауру сезімі туындап, мойын веналары ісінді, терісі көкшілденіп, тершеңдік басты және кенеттен ентігу пайда болды. АҚ анықталмайды. Бірнеше минуттан соң жүректің оң бөлігінің әлсіздігі өршіп, науқас қайтыс болды. Мәйітті аутопсия жасағанда жүректің оң бөлігінде үлкен көпіршікті газдар байқалды.

1. Өлімге әкелген қанайналым бұзылыстарының себебі және даму механизмі қандай?

2. Осы шеткі қанайналым бұзылыстарының тағы қандай түрлері бар? Орналасуы және сипаттамасы бойынша жіктеңіз.

3. Қандай жағдайлар осы шеткі қанайналым бұзылыстарының дамуына ықпал етеді ?

Жауабы:

1. Бұл жағдайда шеткері қан айналым жүйесіндегі ағзалар мен тіндердегі эмболияның дамуы көрініс беріп тұр. Бұл экзогенді эмболия, яғни газ эмболиясы адам жоғарғы атмосфералық қысымнан төменгі қысымға тез ауысқанда дамиды. Терең суға сүңгігенде әрбір  10 метр сайын барометрлік қысым 1 атмосфераға ұлғаяды. Сондықтан, кессондық жұмыс атқаратын адамдарға барометрлік қысым әсер етеді. Бұл кезде организмде газдардың еруі күшейеді. Олардың еруі май тіндерінде жүреді. Егер бұл адамды су астынан күрт көтерсе онда организмде еріген газдар бірден газ күйіне айналады. Организмнен сыртқа шығарылып үлгермейді.Бұл газдар тамыр ішіне түсіп эмболия дамуына әкеледі.

2. Эмболияның осы түрінде ұшақтармен жоғарғы биіктікке көтерілгенде олардың кабинасы жабылуының тығыздығы бұзылғанда қанда еріген заттар газ күйіне ауысады да, үлкен қан айналым шеңберлерінің қылтамырларын бітеп қалады. Бұл ауа оң жүрекше, қарынша арқылы кіші қан айналым шеңберлерінің тамырларына түседі. Өкпе артериолаларымен қылтамырларды бітеп қалады. Осыдан өкпеде қан айналым бұзылады, газдар алмасуы нашарлайды және тыныстық гипоксия дамиды, адам тұншығудан өледі.

3. Эмболияның дамуына экзогендік (ауа, газ, бөгде заттар, құрттар) және эндогендік (тромб, тіндер, майлар) заттар әсер етеді. Эмболдың қозғалуы қанның бағытымен бірге болады. Кейде ірі көктамырларда қан ағымы баяу болғандықтан эмбол қан ағу бағытына қарсы қозғалады.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (48.4 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club