Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бағаналы жасушалар және олардың медицинадағы маңызы

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Контрольная работа  •  372 Слов (2 Страниц)  •  472 Просмотры

Страница 1 из 2

Жасушалар белгілі бір уакыт аяғында қызмет атқарады және олардың тіршілігі өліммен аяқталады

көпшілік жасушалар ағзаға қажетсіз болғанда немесе көп зақымдалған жағдайларда өзін-өзі жою қабілетіне ие болады. Мұндай жасушаның өлуі бағдарламасының іске асуы морфологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл жасушаның жойылу түрі апоптоз (жапырағынан айырылған өсімдікті сипаттау үшін қолданылатын грек терминінен шыққан) деп аталады.

Жасушаның бағдарланған өлімі барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адамға да тән. Күніне адам ағзасында бірнеше ондаған миллиардтаған жасушалар жойылып отырады. Жойылған жасушалардың орны бөліну нәтижесінде (митоз) пайда болған жас жасушалармен толықтырылып отырады.

Бағдарланған жасуша өлімінің екі типін ажыратады: «ішкі» апоптоз және «бұйрық бойынша» апоптоз.

«Ішкі» апоптоз - жасушаның өзіне деген қанағаттанарлықсыз жағдайынан болады.

а) хромосомалардың қатты зақымдалуы (репарацияланбайтын немесе нашар репарацияланатын): хромосомалардың дұрыс сегрегацияланбауы, ДНҚ конформациясын бұзатын көптеген үзілулер, тізбектер арасындағы тігілулер және т.б.

б) жасуша ішілік мембраналардың (митохондриялардың), оның липидтерінің күшті тотықтырғыштар нәтижесінде зақымдалуы.

«Ішкі» апоптоз жасушаның генетикалық материалы, органоидтары зақымдалғанда және қартайғанда іске қосылады. Апоптозға алып келетін жасушаның құрылымының бұзылары өте күшті болмауы керек.

«Бұйрық бойынша» апоптоз мембрана немесе жасуша ішілік рецепторлар арқылы берілетін сыртқы «негативті» синал арқылы іске асады.

Жалпы алғанда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағза тұрғысынан қарағанда,

...

Скачать:   txt (5.8 Kb)   pdf (32.4 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club