Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ветеринарлық шаралар және оның түрлері

Автор:   •  Сентябрь 13, 2020  •  Реферат  •  1,416 Слов (6 Страниц)  •  823 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

                           «Ветеринарлық мединица және мал шауашылығы» институты

                           «Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі

БАӨЖ №1

Тақырыбы: «Ветеринарлық шаралар және оның түрлері»

 

                                             Орал,2020

1.Ветеринарлық шаралар және оның түрлері.

Жоспарлау – ветеринариялық істі басқару функцияларының маңызды бөлігі мен оны ұйымдастыру үшін қажетті бірден-бір маңызды элемент. Ветеринариялық шараларды жоспарлау елімзідегі мемлекеттік және жеке меншік иелігіндегі ветеринариялық қызметтің барлық тізбектері үшін міндетті болып табылады.

Ветеринариядағы жоспарлау нысандарына жатқызылатындар: жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларын профилактикалау мен жою; материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қаржыландыру; ветеринариялық ғылымды дамыту және оның жетістіктерін практикаға ендіру; мамандар дайындау; ветеринариялық мекемелер жүйесін дамыту.

Ветеринарлық тәжірбиеде жоспарлаудың үш түрлі жүйесі қолданылады. Олар жоспарда көзделген жұмыстардың орындалу мерзіміне байланысты келешек, жылдық немесе ағымдық және жедел жоспарлау болып ерекшеленеді.

Келешектік жоспарлау:

-Малдардың созылмалы инфекциялық және инвазиялық ауруларын жою жоспары

-Ветеринарлық ғылымды дамыту және оның жетістіктерін өндіріске енгізу жоспары

-Ветеринарлық мекемелер жүйесін дамыту жоспары

-Ветеринарлық мамандар дайындау жоспары

-Ветеринарлық мекемелер құрылысын салу жоспары

-Ветеринариялық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жоспары.

Жылдық жоспарлау:

-Індеттерге қарсы алдын алу шаралар жоспары

-Малдардың жұқпайтын ауруларының  алдын алу жоспары

-Ветеринарлық-санитарлық шаралар жоспары

-Ветеринарлық насихаттау жоспары

-Ветеринарлық шараларды қаржыландыру жоспары

-Өнеркәсіптік негіздегі мал шаруашылық кешендердегі ветеринарлық шаралар жоспарлары.

Жедел жоспарлау:

-Малдардың тез жұғатын аурулары ошақтарын жою жоспарлары

-Жайылым мерзіміндегі ветеринария мамандары жұмысын жоспарлау

-Ветеринарлық мекемелердің күндік жұмыс жоспары.

Келешектік жоспарларға орындалу мерзімі 2-5 жыл немесе  одан да ұзақ уақытқа болжамдалған ветеринария ісі үшін маңызы зор негізгі шаралар енгізіледі. Орындалуы бір жыл ішінде болжамдалған жоспарлар негізгі жоспарлау құжаты болып саналады.Себебі,олар күнделікті орындалатын аурулардан сақтандыру,сауықтыру, ветеринариялық санитарлық сәттілікті қамтамасыз етуші шаралардың бір жылдық көлемін қамтиды.

Ветеринарлық шаралардың жедел жоспарлары таяу мерзімде немесе төтенше орындалатын жұмыстарды қамтиды. Мұндай жоспарларға  мамандардың,мекемелердің он күндік, айлық, тоқсандық жоспарлары, сондай-ақ аусыл ошағын жою ,тағы сол сияқты тез тарайтын жұқпалы ауруларды жою жоспарлары жатады.

Ветеринарлық шараларды жоспарлау бірлік, кешенділік, демократиялық және жетекші буын принциптерін басшылыққа алады.

Бірлік принципі ветеринарлық шараларды бір аймақтағы барлық кәсіпорындарда,олардың ведомстволық тегіне қарамастан,қарамастан, міндетті түрде белгіленген мерзімде жүргізуді білдіреді.

Ветеринарлық шаралардың жоспарлары өндірістің төмен буындарынан бастап құрылып,содан біртіндеп жоғары органдарға дейін жүргізіледі.

Ветеринарияда шараларды жоспарлау схемасы

- ветеринариялық-санитарлық саулығы сақталған аумақта аурулар пайда болуы мен жануарлардың азық арқылы улануларының алдын алу, жануарлардың, жануар текті өнімдер мен шикізаттардың, ветеринариялық препараттардың, азықтар мен азықтық қоспалардың саулығын қамту мақсатында Қазақстан Республикасы ветеринария туралы заңының ветеринария саласындағы заңнамалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін шаралар;

...

Скачать:   txt (23.2 Kb)   pdf (129.2 Kb)   docx (38 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club