Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі

Автор:   •  Март 30, 2018  •  Курсовая работа  •  4,191 Слов (17 Страниц)  •  3,343 Просмотры

Страница 1 из 17

Кіріспе

     Жыныс-организмнің белгілері мен қасиеттерінің ерекше жиынтығы.Жыныс организмнің кез-келген басқа бегілері сияқты генетикалық жолмен анықталып,тұқым қуалайды.Алуан түрлі организм түрлерінде жыныстың анықталуы əр түрлі,ал халық шаруашылығында практикалық маңызы бар жануарларды қарастырсақ, онда олардың жынысының генетикалық анықталуы ерекше жыныс хромосоманың жиынтығына байлынысты екенін көреміз.Жануарлардың əр түрлі жыныстарын цитогенетикалық зерттеу олардың хромосомалар құрамында айырмашылық болатынын дəлелдеді.Айырмашылық хромосомалардың бір ғана жұбында байқалады, олар жыныс немесе гетерохромосомалар, кейде гоносомалар деп аталады.Ұрғашы жəне еркек жыныстардағы басқа бірдей хромосомалар аутосома деп аталады.

      Сүтқоректі жануарларда сондай-ақ кейбір жəндіктер отрядтарында,мысалы қосқанаттыларда, ұрғашының кариотипі ХХ əріптерімен белгіленетін бірдей жыныс хромосомалардан тұрады.Еркекте жұп жыныс хромосоманың бірі ұрғашынікімен ұқсас(Х),ал екіншісі əдетте кішірек болады жəне Ү əрпімен белгіленеді (ХҮ).Бірдей жыныс хромосомалары (ХХ) бар жыныс гомогаметалы деп атайды, өйткені ол гаметалардың бір ғана сортын береді. Əр түрлі жыныс хромосомасы (ХҮ) бар жыныс гетерогаметалы деп аталады[1].

      Адам дене жасушаларында 46 хромосома бар.Олар 23 жұп түзеді.Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді.Оларды аутосомдар деп атайды.Ал 23–жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Х хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада жұп ХХ хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.

      Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада Х және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі .

       Сүтқоректілерде аналық жыныс-гомогаметалы, аталықтары гетерогаметалы болады.Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс-кросс тұқым қуалау деп аталады. Адамда 60-қа жуық белгілер Х хромосомада тіркескендіктен жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды[2].

I. Негізгі бөлім
1. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі.

      Жынысты қалай анықтау керектігі генетика саласындағы ғалымдарды баяғыдан қызықтырған.1891 жылы Хенкинг деген ғалым кейбір насекомдардың спермасында ядролық құрылымды анықтады және оны Х-дене деп атады.Бірнеше жыл өткен соң Кларенс Мак-Кланг атты ғалым шегірткенің кейбір спермасы ерекше генетикалық құрылымға ие екендігін анықтады және оны гетерохромосома деп атады.Ол гетерохромосоманы аталық даралардың пайда болуымен қателесіп байланыстырды.1906 жылы Эдмунд Б. Уилсон атты ғалым Хен-кинг және Мак-Кланг тұжырымдарын ғылыми дәлелдемелер арқылы көрсетті,яғни аналық Protenor көбелегінде 14 хромосома болатынын және оның ееуі Х хромосомасы екенін көрсетті.Оогенез процесі кезінде ,яғни гамета түзу кезінде 7 хромосомаға (Х хромосомасымен) болады.

    Аталық гаметаларда Х-хромосоманың болуы немесе болмауы осы түрдің жынысын анықтайды және ұрпақтарында 1:1 қатынасын сақтап отырады.Мысалы,Celengans нематода құртында жынысты анықтаудың осы жүйе болады.Wilson екі жыныста да 14 хромосомадан болатын сүттіген өсімдігі кандаласына тәжірибе жүргізілген.Оның 12 хромосомасы  аутсомды хромосомаға жатады.Мұнда аналықтарында екі Х хромосома ,ал аталықтарында бір ғана Х хромосомасы  және гетерохромосома  деп аталатын Ү-хромосомасы болады.Ал аталықтары болса,тең жағдайда екі типті гаметаларды шығарады,Сонымен,кездойсоқ ұрықтану нәтижесінде ұрпақтарда әртүрлі хромосомалық жиынтықпен тең сандық көлемде аналықтар мен аталықтар пайда болады.

Ал аталық және аналық жыныста екі түрлі болып келетін және ағзаның жынысын белгілейтін хромосомаларды жыныс хромосомалары деп аталады.

        Адам жасушасында барлығы 46 хромосома немесе 23 жұп хромосома бар: 22 жұп хромосомалар аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалары. Жыныс хромосомаларын Х және У ретінде белгілейді. Аналық дараларда екі Х- хромосома (ХХ), ал аталық дараларда бірХ және бірУ хромосома (ХУ) болады.

Жынысының хромосома бойынша анықталуының 5 типі бар:

1.ХХ, ХУ- сүтқоректілерге (соның ішінде адамға да), құрттарға, шаянтәрізділерге, бунақденелердің көпшілігіне (дрозофила), қосмекенділердің басым бөлігіне және кейбір балықтарға тән. Яғни бұл ағзаларда аналық даралар жыныс хромосомалары бойынша гомогаметалы, ал аталық даралар гетерогаметалы.

...

Скачать:   txt (58 Kb)   pdf (275.4 Kb)   docx (146.3 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club