Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Вирустардың генетикалық ақпараттарының ерекшеліктері. ДНҚ мен РНҚ кездесетін вирустар

Автор:   •  Ноябрь 12, 2018  •  Реферат  •  2,857 Слов (12 Страниц)  •  1,391 Просмотры

Страница 1 из 12

Тақырыбы: «Вирустардың генетикалық ақпараттарының ерекшеліктері.

ДНҚ мен РНҚ кездесетін вирустар.»

Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Вирусология ғылымы. Вирустардың табиғатта тіршілік етуі.

2. Вирустардың ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім.

3. Вирустардың морфологиясы. Химиялық құрамы.

4. Вирустардың генетикасы. ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Вирусология ғылымы.

Вирусология биология ғылымдарының негізгі бір бөлігі. Вирусолгоия ғылымының дамуына бактерия, жануарлар, өсімдіктер және адам организмінің вирусын зерттеу көп әсер етті. ХІХ ғасырдың аяғында кейбір жұқпалы аурулардың қоздырушылары вирустар екендігі анықталды. 1892 жылы темекі өсімдігінің ауруын таратушылар өте ұсақ агенттер екені белгілі болса, кейінірек – 1898 жылы Фрош және Леффлер деген ғалымдар ірі қараның “аусыл” ауруын таратушы агенттің бактерияларын ұстайтын фильтрден өтетін дәлелдеді. 1915 жылы Туорт, 1917 жылы Д‘Эррель бактерияларды да ауыртатын өте ұсақ агенттер бар екенін дәлелдеп, оларға «бактериофаг» деген атау берді. Кейінірек осылардың бәрін «сүзгіден өтетін вирустар» деп атай бастады.

«Вирус» сөзі латын тіліндегі «у» деген сөзден алынған. Вирусология ғылымы биологияның, медицинаның негізгі бір бөлігі болып саналады. Себебі вирустар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің, қарапайымдылардың ауруын таратады.

Вирустардың құрылымдық, макро-молекулалық ерекшеліктері оларды генетика, молекулярлы биология ғылымдарын зерттеу үшін бірден-бір таптырмайтын құрал етіп пайдалануға мүмкіндік берді. Вирустар өте кең тараған. Олар аса қаіпті, дүниедегі барлық дерлік тірі жанның жауы.

Вирустарды алғаш рет 1892 жылы Д.И.Ивановский ашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Темекі өсімдігін зерттеуге сол кезде көп ғалымдар ат салысқан. Оған голлондиялық ғалым Мейердің 1886 жылғы еңбектері мысал бола алады.

Демек, 1892 жыл – вирустардың ашылу жылы болып есептелінеді. Осы жылы темекі өсімдгінің ауруын қоздырушысы вирус белгілі болды. Бұл өте үлкен жаңалық еді. Кох пен Пастердің аттары микробиолгия үшін қаншалықты зор болса, Ивановскийдің аты вирусология үшін сонша зор болып есептелінеді.Ивоновский бұл вирусты микроскоп арқылы көруге боламайтынын және жасанды қоректі ортада өспейтінін мәлімдеді.

Қазір вирусология институты Ивоновскийдің есімімен аталады. Осы ғалым атымен сыйлық та белгіленген.

«Вирус» деген ұғымды бірінші рет Нидерланд ботанигі Бейерник қолданды. Ол ғалым темекі өсімдігі жапырақтарының ауруын зерттеп, Ивоновскийдің бақылауларын қайталады.

Вирустардың табиғатта тіршілік етуі.

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

1. Жасушалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға «вирус- жасуша комплексі» деген синоним қолданылады.

2. Жасушаның сыртында көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда «вирион» деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана торша ішінде өсіп-жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек жасуша ішінде ғана өсіп отырады.

Вирустардың тек жасуша ішінде өсіуінің себебі неде?

Себебі вирустардың құрлымы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, нәруыз, қант және май, тек кейбір күрделі вирустарға ғана тән ферменттер болады.

...

Скачать:   txt (34.6 Kb)   pdf (155.3 Kb)   docx (23.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club