Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизацияның жүзеге асырудағы философияның рөлі

Автор:   •  Февраль 15, 2020  •  Реферат  •  453 Слов (2 Страниц)  •  2,325 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизацияның жүзеге асырудағы философияның рөлі

       «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп азалы әндеткен қазақ халқы бүгінде тәуелсіз мемлекет болып отыр. Осынау тәуелсіздік алған жылдарынан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселелерімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеянын алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды. Жалпы алғанда «Модернизация» ұғымы – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.

      Жаңа уақыттағы жаңа идеяға Рухани жаңғыруды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты халықымыздың жағдайы үшін стратегиялық мәні зор. Бағдарламалық еңбегінде бір қатар маңызды міндеттерге, қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге басты назар аударылғаны мәлім. Мұнда елбасымыздығ басты мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін санамыз  ісімізден озып жүру, яғни ойсана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырта отыру қажет екендігін ерекше ескертті.   Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымыз әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылсақ, көш басындағы елдерден тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін елімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Болашақта ұлттық табыста болуы, оның табиғи байлыңтарында емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақ арқылы тұтас ұлт жиырмасыншы ғасырға лайықты қасиеттерге ие болды. Мысалы: компьютермен сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты фактілер әркімнің алға басталуына сөзсіз қасиет. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтар жиырма бірінші ғасырдың талаптарына даярлау қамы деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев. Ол ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологиясының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше. Қазіргі замандағы қоғамдардың рухани өмірлерінде философия ғылыммен, дінмен, өнермен, бірге дағдарысты жағдайларды жеңу жолдарын іздестіруде, адамға рухани тірек болуға ұмтылуда.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (58.6 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club